ҚҰҚЫҚСЫЗ ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРМИЯСЫНЫҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛАДЫ?
Қазір заман сондай, бірқатар іскерлік кездесулер кафелер мен мейрамханаларда өтеді. Кейбір жиі баратын осындай орындарда даяшылар да жүзтаныс болып қалады. Өкінішке қарай көбіне мұндай қызметшілер қарасаң үш-төрт айдан кейін ауысып кетіп жатады. Тіл қатысып байқасам, көбі үшін бұл – уақытша жұмыс...