"Кісі ең әуелі ақидасын дұрыстауы керек!"
"Кісі ең әуелі ақидасын дұрыстауы керек!"
1 жыл бұрын 3648
Имам Раббани (р.а.)

(Бұл хат Имам Раббанидің Хызыр Хан Лодияға жазған хаты. Алдымен ақиданы дұрыстау керектігі, одан кейін фиқһта бекітілген үкімдерді біліп, соған сай амал ету керектігі айтылған, және де ақиқат әлеміне осы екі қанатпен ғана ұшып баруға болатындығы баяндалған).


Әуелі ақиданы "Әһли суннаға" сай дұрыстау керек!

Хақ Тағала біздерді Мұхаммед Мұстафаның діні жолында болуымызда жазсын (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)!

Адамға ең әуелі керегі - ақидаларын Әһли сунна уәл жамағат жолындағы ғұламалардың реттеген сенім негіздеріне сай дұрыстау. Хадисте айтылған «Құтылған тармақ» - Әһлу сунна уәл жамағат жолы (яғни, суннит жолы). Екіншіден - Алла Тағала тәуфиқ беріп, сенімін дұрыстағаннан соң (шариғаттың практикалық жөні болып саналатын) парыз, уәжіп, сүннет, мұстахаб, харам, халал, мәкруһ және күмәнді нәрселерді оқып-тоқып, осы аталмыш фиқһи үкімдерге сай амал ету.

Осы екеуінен (яғни, «сенім» мен «фиқһ үкімдерінен») тұратын қос қанатқа қол жеткізгеннен кейін, егер Алла Тағала жәрдем етіп, рұқсат етсе, «ақиқат» әлеміне ұшуға болады. Бұл қос қанатқа қол жеткізбей, ақиқат әлеміне ұшу мүмкін емес. Парсы бір өлең жолында айтылғандай:

«Құтылдым деп ойлама, ей, Саъд,

 Мұхаммедтің түспей жолына!» 

Алла Тағала бізді және сіздерді Мұхаммед пайғамбардың жолынан адастырмасын (саллаллаһуа алейһи уә сәлләм)!1


1). Имам Раббани: «Мәктубат», 94 хат. Түрік тілінде. 

Абдусамат Қасым

 

0 пікір