Сиқыр мен дуаның түрлері
Сиқыр мен дуаның түрлері
11 ай бұрын 10640
Абдусамат Қасым

Сиқырлау мен дуалау ісі мұсылман дінінде өте ауыр күнә болып саналады, тіпті сиқыр және дуамен айналысушыларды, әрі үйретушілер мен істеушілерді кәпірге шығаратын дін ғалымдарымыз бар.

Сиқыр, дуалау, магия - бұлар жын-шайтандардың көмегімен жасалатын азғын істер. Өкінішке орай біздің қоғамда дуаланып, жарық дүниелері қара түнекке айналғандар қатары аз емес. Әрине, намазын қаза қылмайтын, Құранын оқып жүретін ықыласты мұсылманға дуа да, сиқыр да даруы қиын. Алайда біздің қоғамда аты мұсылман болғанымен, мұсылмандық шарттарын орындамайтындар да көп кездесетіні белгілі. Сондықтан да, ондай кісілердің бойларына дуа мен сиқыр оңай даритыны сөзсіз. Сиқырдың салдарынан қаншама отбасы ойрандалды, қаншамасының ісі алға баспады және де дуаның кесірінен медицинаға түсініксіз әртүрлі ауруларға тап болып жататындар бар. Алла бетін аулақ қылсын!

Сиқырдың түрлері көп. Төменгі жазбада сиқырдың үш түрімен таныстыра кетсек деп отырмыз. 

1. Ерлі-зайыптыларды ажырастыратын сиқыр түрі.

Кейбір жаман адамдар мен өзге біреулерге зиян тигізгісі келкен қызғаншақ іштар адамдар дуашыға барып ерлі-зайыптының арасын ашуын сұрайды. Сиқыршы одан аты-жөндерін сұрап біліп, кейде анасының да атын сұрауы мүмкін. Және де дуа жасалатын кісісіне тән жеке заттарын сұратады, мысалы, шашын, киімін, тақиясын т.б.

Егер сұраған заттарын алып келе алмаса, дуашы суға сиқыр жасап мысалы, сосын оны дуалайтын адамының жүретін жолына төгуін айтайды. Не болмаса, тұмар тәріздес бір нәрсе жазып, кейін ол тұмарды оның үйіне немесе киімдеріне сақтап қоюын айтады. 

Сиқырдың бұл түрі тек ерлі-зайыптылар үшін ғана емес, сондай-ақ, жігіт пен анасының арасын ашу үшін немесе жігіт пен әкесінің арасын ашуы үшін, тіпті, екі дос, серіктес, бауырдың да арасын ашу мақсатында қолданылуы мүмкін. Алла сақтасын! 

Белгілері:

  1. Ерлі-зайыптының арасындағы өзара сүйіспеншіліктері ойда-жоқта, жек-көрінішке айналуы.
  2. Бір-біріне деген шағымдары күрт артуы.
  3. Бір-біріне деген түсінікпен қарамаулары.
  4. Түймедей келіспеушіліктерді түйедей көрулері.
  5. Біреуі не істесе, екіншісі оны қате көріп тұруы, және де біреуі не айтса, екіншісі онысын бос сөз санап тұруы.
  6. Бірі отырған жерде екіншісінің отырғысы келмеуі.
  7. Асыр намазынан кейін қысылуы. 

Емі: 

Бұл сиқырдың емі қасиетті Құран аяттарымен және ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үйреткен дұғаларын оқумен болады. Алла Тағала Құранда: «Біз Құранда шипа және мүміндерге рахымдылық болатын аяттар түсірдік»- делінген. («Исра», 82). Ендеше, төмендегі аят-сүрелерді оқып емделуге болады:

1) Фатиха сүресін оқу.

2) Бақара 1-5 аяттар: ألم ذَلِكَ الْكِتَابُ لاَ رَيْبَ فِيهِ هُدًى لِّلْمُتَّقِينَ الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِالْغَيْبِ وَيُقِيمُونَ الصَّلاةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنفِقُونَ 

3) Бақара 102-103 аяттар:

  1. وَاتَّبَعُواْ مَا تَتْلُواْ الشَّيَاطِينُ عَلَى مُلْكِ سُلَيْمَانَ وَمَا كَفَرَ سُلَيْمَانُ وَلَكِنَّ الشَّيْاطِينَ كَفَرُواْ يُعَلِّمُونَ النَّاسَ السِّحْرَ وَمَا أُنزِلَ عَلَى الْمَلَكَيْنِ بِبَابِلَ هَارُوتَ وَمَارُوتَ وَمَا يُعَلِّمَانِ مِنْ أَحَدٍ حَتَّى يَقُولاَ إِنَّمَا نَحْنُ فِتْنَةٌ فَلاَ تَكْفُرْ فَيَتَعَلَّمُونَ مِنْهُمَا مَا يُفَرِّقُونَ بِهِ بَيْنَ الْمَرْءِ وَزَوْجِهِ وَمَا هُم بِضَآرِّينَ بِهِ مِنْ أَحَدٍ إِلاَّ بِإِذْنِ اللّهِ وَيَتَعَلَّمُونَ مَا يَضُرُّهُمْ وَلاَ يَنفَعُهُمْ وَلَقَدْ عَلِمُواْ لَمَنِ اشْتَرَاهُ مَا لَهُ فِي الآخِرَةِ مِنْ خَلاَقٍ وَلَبِئْسَ مَا شَرَوْاْ بِهِ أَنفُسَهُمْ لَوْ كَانُواْ يَعْلَمُونَ وَلَوْ أَنَّهُمْ آمَنُواْ واتَّقَوْا لَمَثُوبَةٌ مِّنْ عِندِ اللَّه خَيْرٌ لَّوْ كَانُواْ يَعْلَمُونَ

4) Бақара 163-164 аяттар:

  1. وَإِلَهُكُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ لاَّ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ إِنَّ فِي خَلْقِ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَاخْتِلاَفِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ وَالْفُلْكِ الَّتِي تَجْرِي فِي الْبَحْرِ بِمَا يَنفَعُ النَّاسَ وَمَا أَنزَلَ اللّهُ مِنَ السَّمَاء مِن مَّاء فَأَحْيَا بِهِ الأرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا وَبَثَّ فِيهَا مِن كُلِّ دَآبَّةٍ وَتَصْرِيفِ الرِّيَاحِ وَالسَّحَابِ الْمُسَخِّرِ بَيْنَ السَّمَاء وَالأَرْضِ لآيَاتٍ لِّقَوْمٍ يَعْقِلُونَ

5) Аятуль курси.

  1.  اللّهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاء وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ 

6) Бақара 185-186 аяттар:

  1. آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنزِلَ إِلَيْهِ مِن رَّبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللّهِ وَمَلآئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لاَ نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِّن رُّسُلِهِ وَقَالُواْ سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ لاَ يُكَلِّفُ اللّهُ نَفْسًا إِلاَّ وُسْعَهَا لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ رَبَّنَا لاَ تُؤَاخِذْنَا إِن نَّسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا رَبَّنَا وَلاَ تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِنَا رَبَّنَا وَلاَ تُحَمِّلْنَا مَا لاَ طَاقَةَ لَنَا بِهِ وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَآ أَنتَ مَوْلاَنَا فَانصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ

7) Әли Имран 18-19 аяттар:

  1. شَهِدَ اللّهُ أَنَّهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ وَالْمَلاَئِكَةُ وَأُوْلُواْ الْعِلْمِ قَآئِمَاً بِالْقِسْطِ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ إِنَّ الدِّينَ عِندَ اللّهِ الإِسْلاَمُ وَمَا اخْتَلَفَ الَّذِينَ أُوْتُواْ الْكِتَابَ إِلاَّ مِن بَعْدِ مَا جَاءهُمُ الْعِلْمُ بَغْيًا بَيْنَهُمْ وَمَن يَكْفُرْ بِآيَاتِ اللّهِ فَإِنَّ اللّهِ سَرِيعُ الْحِسَاب

8. Мүминун 115-118 аяттар:

 أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لَا تُرْجَعُونَ فَتَعَالَى اللَّهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ وَمَن يَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَهًا آخَرَ لَا بُرْهَانَ لَهُ بِهِ فَإِنَّمَا حِسَابُهُ عِندَ رَبِّهِ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ وَقُل رَّبِّ اغْفِرْ وَارْحَمْ وَأَنتَ خَيْرُ الرَّاحِمِينَ

9. Саффат сүресі 1-10аяттар:

 وَالصَّافَّاتِ صَفًّا فَالزَّاجِرَاتِ زَجْرًا فَالتَّالِيَاتِ ذِكْرًا إِنَّ إِلَهَكُمْ لَوَاحِدٌ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا وَرَبُّ الْمَشَارِقِ إِنَّا زَيَّنَّا السَّمَاء الدُّنْيَا بِزِينَةٍ الْكَوَاكِبِ وَحِفْظًا مِّن كُلِّ شَيْطَانٍ مَّارِدٍ لَا يَسَّمَّعُونَ إِلَى الْمَلَإِ الْأَعْلَى وَيُقْذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٍ دُحُورًا وَلَهُمْ عَذَابٌ وَاصِبٌ إِلَّا مَنْ خَطِفَ الْخَطْفَةَ فَأَتْبَعَهُ شِهَابٌ ثَاقِبٌ

10. Ахқоф 29-32 аяттар:

وَإِذْ صَرَفْنَا إِلَيْكَ نَفَرًا مِّنَ الْجِنِّ يَسْتَمِعُونَ الْقُرْآنَ فَلَمَّا حَضَرُوهُ قَالُوا أَنصِتُوا فَلَمَّا قُضِيَ وَلَّوْا إِلَى قَوْمِهِم مُّنذِرِينَ قَالُوا يَا قَوْمَنَا إِنَّا سَمِعْنَا كِتَابًا أُنزِلَ مِن بَعْدِ مُوسَى مُصَدِّقًا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهِ يَهْدِي إِلَى الْحَقِّ وَإِلَى طَرِيقٍ مُّسْتَقِيمٍ يَا قَوْمَنَا أَجِيبُوا دَاعِيَ اللَّهِ وَآمِنُوا بِهِ يَغْفِرْ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمْ وَيُجِرْكُم مِّنْ عَذَابٍ أَلِيمٍ وَمَن لَّا يُجِبْ دَاعِيَ اللَّهِ فَلَيْسَ بِمُعْجِزٍ فِي الْأَرْضِ وَلَيْسَ لَهُ مِن دُونِهِ أَولِيَاء أُوْلَئِكَ فِي ضَلَالٍ مُّبِينٍ

11. Рахман 33-36 аяттар:

 يَا مَعْشَرَ الْجِنِّ وَالْإِنسِ إِنِ اسْتَطَعْتُمْ أَن تَنفُذُوا مِنْ أَقْطَارِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ فَانفُذُوا لَا تَنفُذُونَ إِلَّا بِسُلْطَانٍ فَبِأَيِّ آلَاء رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ يُرْسَلُ عَلَيْكُمَا شُوَاظٌ مِّن نَّارٍ وَنُحَاسٌ فَلَا تَنتَصِرَانِ فَبِأَيِّ آلَاء رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ

 12. Хашр 21-24 аяттар:

 لَوْ أَنزَلْنَا هَذَا الْقُرْآنَ عَلَى جَبَلٍ لَّرَأَيْتَهُ خَاشِعًا مُّتَصَدِّعًا مِّنْ خَشْيَةِ اللَّهِ وَتِلْكَ الْأَمْثَالُ نَضْرِبُهَا لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ هُوَ اللَّهُ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ هُوَ الرَّحْمَنُ الرَّحِيمُ هُوَ اللَّهُ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْمَلِكُ الْقُدُّوسُ السَّلَامُ الْمُؤْمِنُ الْمُهَيْمِنُ الْعَزِيزُ الْجَبَّارُ الْمُتَكَبِّرُ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ هُوَ اللَّهُ الْخَالِقُ الْبَارِئُ الْمُصَوِّرُ لَهُ الْأَسْمَاء الْحُسْنَى يُسَبِّحُ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

 13. Жын сүресі 1-9 аяттар:

 قُلْ أُوحِيَ إِلَيَّ أَنَّهُ اسْتَمَعَ نَفَرٌ مِّنَ الْجِنِّ فَقَالُوا إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآنًا عَجَبًا يَهْدِي إِلَى الرُّشْدِ فَآمَنَّا بِهِ وَلَن نُّشْرِكَ بِرَبِّنَا أَحَدًا وَأَنَّهُ تَعَالَى جَدُّ رَبِّنَا مَا اتَّخَذَ صَاحِبَةً وَلَا وَلَدًا وَأَنَّهُ كَانَ يَقُولُ سَفِيهُنَا عَلَى اللَّهِ شَطَطًا وَأَنَّا ظَنَنَّا أَن لَّن تَقُولَ الْإِنسُ وَالْجِنُّ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا وَأَنَّهُ كَانَ رِجَالٌ مِّنَ الْإِنسِ يَعُوذُونَ بِرِجَالٍ مِّنَ الْجِنِّ فَزَادُوهُمْ رَهَقًا وَأَنَّهُمْ ظَنُّوا كَمَا ظَنَنتُمْ أَن لَّن يَبْعَثَ اللَّهُ أَحَدًا وَأَنَّا لَمَسْنَا السَّمَاء فَوَجَدْنَاهَا مُلِئَتْ حَرَسًا شَدِيدًا وَشُهُبًا وَأَنَّا كُنَّا نَقْعُدُ مِنْهَا مَقَاعِدَ لِلسَّمْعِ فَمَن يَسْتَمِعِ الْآنَ يَجِدْ لَهُ شِهَابًا رَّصَدًا 

 14. Ықылас сүресі.

15. Фалақ сүресі.

16. Нас сүресі.

 (Аталмыш аят-сүрелерді сырқат еститіндей дауыстап оқылады). 

2. Махаббат сиқыры (әт-Тәулия).

Бұндай дуаның күнәсі - Аллаға серік қосқанмен тең делінеді хадисте. Кісі біреуді өзінен басқаны жақсы көрмесі үшін, тек қана оны ғана жақсы көрсін деген мақсатта дуаға жүгініп жатады, бұл да өзге сиқырлар секілді харам тірлік, ауыр күнә. Оның күнәсі Аллаға серік қосқандықпен пара-пар. Көбіне зайыбының күйеуіне жасайтын сиқыр түрі. Өзге сиқырлар секілді бұл да өте ауыр күнә іс. 

Жасалу жолы:

Дуашы дуалайтын адамының беторамалын, киімін, тақиясын т.б. сұратады, бастысы онда оның терісі сіңген болуы тиіс екен. Кейін одан жібін сөгіп алып, оған сиқыр дуа жасап, жіпті түйеді, одан соң ол жіпті айдаладағы қараусыз бір жерге апарып көміп тастауын бұйырады. Не болмаса, суға немесе тамаққа дуа жасап, оған әйелдің (сиқыр жасатқан әйелдің) етеккір қанын араластырады да, кейін оны күйеуінің асына, не, суына, яки, әтіріне араластырып беруін айтады. 

Белгілері: 

  • Шамадан тыс ыңтықтық пен махаббаттың көрілуі.
  • Шамадан тыс төсек қатынасына деген құштарлық.
  • Ол әйелге тағатсыздану.
  • Оны (сиқыр жасаған әйелін) көруге ынтық болу.
  • Оған (сиқыр жасаған әйелге) соқырсенімділікпен бағыну. 

Кері әсер:

Мұндай сиқырдың кері әсері де болуы мүмкін, атап айтқанда:

  • Дуаланған адамның сырқаттануы;
  • Дуалатқан адамына деген махаббаты жеккөріншке ауысуы;
  • Күйеуі тек бөтен әйелдерді ғана емес, өзінің туыс әпке-қарындастарын, тіпті дуалатқан нақсүйерін де жақсы көрмей кетуі ғажап емес;

Емі:

Жоғарыда келтірген аяттардың ішінен «Бақара» сүресі 106 аяттан өзгесін оқуына болады. Оған қосымша төмендегі аяттарды да оқуына болады: 

1) Тағабун сүресі, 14-16 аяттар.

  1. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّ مِنْ أَزْوَاجِكُمْ وَأَوْلَادِكُمْ عَدُوًّا لَّكُمْ فَاحْذَرُوهُمْ وَإِن تَعْفُوا وَتَصْفَحُوا وَتَغْفِرُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ إِنَّمَا أَمْوَالُكُمْ وَأَوْلَادُكُمْ فِتْنَةٌ وَاللَّهُ عِندَهُ أَجْرٌ عَظِيمٌ فَاتَّقُوا اللَّهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ وَاسْمَعُوا وَأَطِيعُوا وَأَنفِقُوا خَيْرًا لِّأَنفُسِكُمْ وَمَن يُوقَ شُحَّ نَفْسِهِ فَأُوْلَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ. 

2) Юнус 81-82 аяттар:

  1.  فَلَمَّا أَلْقَواْ قَالَ مُوسَى مَا جِئْتُم بِهِ السِّحْرُ إِنَّ اللّهَ سَيُبْطِلُهُ إِنَّ اللّهَ لاَ يُصْلِحُ عَمَلَ الْمُفْسِدِينَ وَيُحِقُّ اللّهُ الْحَقَّ بِكَلِمَاتِهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُجْرِمُونَ  

3) Тоһа 69 аят:

  1. وَأَلْقِ مَا فِي يَمِينِكَ تَلْقَفْ مَا صَنَعُوا إِنَّمَا صَنَعُوا كَيْدُ سَاحِرٍ وَلَا يُفْلِحُ السَّاحِرُ حَيْثُ أَتَى 

4) Ағраф 117-118 аяттар:

  1. وَأَوْحَيْنَا إِلَى مُوسَى أَنْ أَلْقِ عَصَاكَ فَإِذَا هِيَ تَلْقَفُ مَا يَأْفِكُونَ فَوَقَعَ الْحَقُّ وَبَطَلَ مَا كَانُواْ يَعْمَلُونَ 

5) Аятуль курси.

6) Ықылас, Фәләқ және нас. 

3. Үйлену жолын жауып тастау сиқыры (тәътыйлун-Никәх).

Отбасын құруға кедергі болатын сиқыр-дуа түрі. Қызғаншақ, айлакер және арамза адам сиқыршыға барып, өзінің қолы жетпей жүрген белгілі бір әйелді (қызды) немесе еркекті (жас жігітті) отбасын құра алмауы үшін сиқырлауын сұрайды. Сиқыршы одан дуалатын адамының (қыздың (әйелдің) немесе жігіттің, ер адамның) аты-жөнін, анасының атын сұрайды, сондай-ақ оның кейбір киімдерін алтыртады. 

Содан кейін сиқыршы өзінің зұлымдығын жасауға кіріседі - ол дуалайтын қызға немесе жігітке міндетті жынды жібереді. Жіберілген жын үнемі оған (дуаланатын адамға) еріп жүріп, оған кірудің сәтін күтіп жүреді. Сиқырланған жын адамға төрт жағдайда кіреді: 

  • Қатты қорыққанда;
  • Қатты ашуланғанда;
  • Алланы зікір етуден қалғанда;
  • Құмарлыққа ергенде.

Жіберілген жын әйелге кірген кезде, онда оның қолын сұрап келген барлық еркектерге деген жеккөрініш сезімін оятады. Ешбір себепсіз ол барлық айттырған жігіттерден бас тартады. Жынның әсер етуімен, ол өзіне ұсыныс жасағандардың барлығын ұнамсыз, жеккөрінішті жарамсыз деп көреді. Қыз бәрінен бас тартып, 30-ға толғанша отбасын құрмай жүре беруі мүмкін. Жігіт те солай, егер дуаланған жігіт болса, ол да жынның әсерінен көрген қызды ұсқынсыз, өзіне лайықсыз көреді де тұрады. Осылайша, 40 немесе одан да көп жасқа дейін отбасы құрмай жүре беруі мүмкін. 

Белгілері:

  • Үнемі басының ауруы (дәрі ішкенше, ауырсыну басылмайды).
  • Кешке таман көңілін мұң басады. 
  • Айттырған жігіті көзіне жаман көрінуі.
  • Сары уайымға түсуі.
  • Ұйқысының мазасы кетуі.
  • Асқазанның ауыруы. 
  • Төменгі бел омыртқасының ауырсынуы. 

Емі:

  • Оған жоғарыда көрсетілген аяттарды оқып дем салу керек;
  • Қыз ғаурат жерлерін жауып, басына орамал, ұзын әрі кең киім киіп (хижаб, кимешек киіп) жүруі керек;
  • Намаздарын қаза етпеуі тиіс;
  • Барынша ән, музыка тыңдамағаны дұрыс;
  • Жатар кезде дәрет алып, Аятуль курсиді, Ықылас, Фәләқ және Нас сүрелерін оқып жатуды (күнде) әдетке айналдыруы керек1. 

Алла Тағала баршаңызды түрлі дуашылар мен жын-шайтандардың зиянынан сақтасын! Ондай харам, тұрпайы іспен айналысып адасып жүргендерге Аллам һидаят берсін! Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!


 

 

1  Мәліметтер Доктор Абдулькәрим Мұстафа Жәмус есімді автордың: «әс-Сихр уәл Хаятуль Инсания» («Сиқыр және адам өмірі») атты кітабынан алынды.

0 пікір