Қазақша жыл қайыруды білесіз бе?
Қазақша жыл қайыруды білесіз бе?
5 жыл бұрын 7015
Айып НҮСІПОҚАСҰЛЫ

Қазақ халқы ай, күн, жылдарға реттік сан есімін қойып атаудан тыс, əр күн, əр ай, əрбір жылдарға ат қойып, ай, күн, жыл аттарын сол бойынша атаған. Мысалы, бүгін, яғни, осы күнді аптаның бірінші күні десек, онда оны – дүйсенбі, ертең – сейсенбі, бүрсігүні – сəрсенбі, арғы күн – бейсенбі, қасиетті күн – жұма, соңғы күн – сенбі, азына – жексенбі деп, бір аптадағы жеті күнге жеке-жеке ат қойып атайды.

Ай аттары да өзіндік атаулармен аталады. Мысалы:

1-ай – ақпан (үштік айы)

2-ай – бірдің айы

3-ай – көкек

4-ай – мамыр

5-ай – маусым

6-ай – шілде

7-ай – тамыз

8-ай – мизам

9-ай – қазан

10-ай – қараша

11-ай – желтоқсан

12-ай – қаңтар

Осы 12 айды көктем, жаз, күз, қыс деп 4 маусымға бөлген. 

Қазақ халқының жыл аттары да өзгеше аталады. Мысалы, жыл басы, яғни, бірінші жыл – тышқан, екінші жыл – сиыр, үшінші жыл – барыс, төртінші жыл – қоян, бесінші жыл – ұлу, алтыншы жыл – жылан, жетінші жыл – жылқы, сегізінші жыл – қой, тоғызыншы жыл – мешін, оныншы жыл – тауық, он бірінші жыл – ит, он екінші жыл – доңыз деп атап, он үшінші жылы қайта жыл басы тышқаннан басталып, яғни, он үшінші жылды «бір мүшел», 25 жылды «екі мүшел», 37 жылды «үш мүшел» деп, ары қарай қайталап жалғастырып отырады. Мысалы, белгілі біреу 1901 жылы туылған болса, онда оның жылы сиыр болады. Ал тағы біреу 1954 жылы туылған болса, онда оның жылы жылқы болады. 2003 жылы туылған баланың туылған жылы қой болады.

Егер жыл қайыруды білмесеңіз, оның оқасы жоқ, өзіңіздің туылған жылыңызды 12-ге бөліп, шыққан нəтижесіне қарасаңыз, жылыңыздың не екенін оп-оңай біліп аласыз, яғни, өзіңіздің туылған жылыңызды 12-ге бөлгенде, ол қалдықсыз бөлінсе, онда оның нəтижесін «нөл» деп есептейміз де, туылған жылын «мешін» дейміз. Ал бір қалдық қалса – «тауық», екі қалдық қалса – «ит», үш қалдық қалса – «доңыз», төрт қалдық қалса – «тышқан», бес қалдық қалса – «сиыр», алты қал- дық қалса – «барыс», жеті қалдық қалса – «қоян», сегіз қалдық қалса – «ұлу», тоғыз қалдық қалса – «жылан», он қалдық қалса – «жылқы», он бір қалдық қалса – «қой» болады, яғни, төмендегідей:

0 – Мешін

1 – Тауық

2 – Ит

3 – Доңыз

4 – Тышқан

5 – Сиыр

6 – Барыс

7 – Қоян

8 – Ұлу

9 – Жылан

10 – Жылқы

11 – Қой

Мысалы, белгілі бір адам 1800 жылы туылған болса, 1800-ді 12-ге бөлеміз. Сонда ол 12-ге 150-ден қалдықсыз бөлінеді. Сондықтан оны жоғарыдағы қағида бойынша, «0» деп есептеп, 1800 жылы туылған кісіміздің туған жылын «мешін» деп көрсетеміз. Ал енді біреу 1901 жылы туылған болып, оның жылының не екенін білмек бол- сақ, 1901-ды 12-ге бөліп жіберсек, ол 158-ден тиіп, 5 қалдық қалады. Жоғарыдағы қағидамыз бойынша, 5 қалдық сиырға уəкілдік етеді, де- мек, бұл кісіміздің жылы «сиыр» деген сөз. Ал 2002 жылы туылған бір баланың жылы не екенін білмек болсаңыз, 2002-ны 12-ге бөлесіз. Нəтижеде ол 166-дан тиіп, 10 қалдық қалады. Жоғарыдағы қағида- мыз бойынша, 10 қалдық жылқыға уəкілдік ететіндіктен, бұл баланың жылы жылқы болады. Міне, осы қағида бойынша, əрбір адам өзінің де, өзгенің де жылының не екенін біліп алуына болады.

0 пікір