Қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары
Қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары
8 ай бұрын 5245

Тәулік– 24 сағаттан тұратын уақыт өлшемі. Қазақ халқы тәулік мезгілдерін былайша бөледі:

  1. Күн шығар алдындағы мезгіл.
  2. Күн көкжиектен көтерілетін мезгіл.
  3. Күннің орта мезгілі.
  4. Күн еңкейген мезгіл.
  5. Күн ұясына бата бастаған мезгіл.
  6. Түн мезгілі. 

1. Күн шығар алдындағы мезгіл 

Бұл мезгілді халқымыз таң немесе таңертең деп атайды. Кейде "азан", "сахар" деген араб тілінен енген сөздер де қолданылады. Бұл мезгілдің қазақша мынадай атаулары бар: 

  • Алакеуімалакөбеалаң–ғұлаңелең–алаң – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі. 
  • Құланиекқұлын сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез. 
  • Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

2. Күн көкжиектен көтерілген мезгіл 

Бұл мезгілді қазақ халқы сәске деп атайды. Оның мынандай атаулары бар: 

  • Сиыр сәске – күн артқан бойы көтерілген кез. 
  • Сәске түс – түске жақындаған мезгіл, сағат 12 шамасы. 
  • Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.

3. Күннің орта мезгілі 

Күннің орта мезгілін түс деп атайды. Бұл – түскі тамақ ішіп, тынығатын уақыт. 

  • Тал (талма, тапа–тал) түс – күннің қатты ысыған кезі, тынығатын шақ, сағат 1 шамасы. 
  • Шаңқай түс – көлеңкенің әбден қысқарған кезі, сағат 2 шамасы.

4. Күн еңкейген мезгіл 

Түс ауып, күн еңкейген мезгілді бесін деп атайды. 

  • Ұлы бесін – бесін намазын оқитын кез, түс ауған шек. 
  • Кіші бесін – ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл. 
  • Құлама бесін – күн еңкейген кез. 
  • Екінді – түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы. 
  • Намаздыгер – күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған кез.

5. Күн ұясына бата бастаған мезгіл 

Бұл мезгілді қазақ халқы ақшамымырт деп атайды. Оның мынандай атаулары бар: 

  • Алакеуім – күн ала көлең, ұясына бата бастаған мезгіл. 
  • Кеугім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт. 
  • Намазшам – кешкі намаз оқылатын кез. 
  • Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған мезгіл.

6. Түн мезгілі 

  • Түн – тәуліктің кештен таңертеңгі уақытқа дейінгі аралығы. 
  • Іңір – күн батып, қас қарайған кез. 
  • Қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез. 
  • Жарым түн – түннің ортасы.[1]

 

1)↑ А.Құралұлы Ұлттық Дүниетаным 2. 2002 жыл. (kk.wikipedia org/wiki)

0 пікір