Бәсіре деген не?
Бәсіре деген не?
9 жыл бұрын 51507

Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға әрі біреу болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Есейе келе бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады.

"Жастайынан бағып ем,

Бәсіре ғып торы тайым" Х. Талғаров

«Бәсіре» халқының көне ғұрыптарының бірі. Онда дүниеге келген ұл балаға атасы немесе әкесі өрістегі жылқысынан бір құлын атап, осы баланың  еншісі-бәсіресі етіп белгілейді. Сол бәсіре – өсіп келе жатқан жеткіншекті болашаққа, жақсы күндерге апаратын көлігі, қанаты болсын дейтін жақсы ырымы.«Бәйгеге салса жүлдесі, додаға түссе қайраты, тойға барса мақтанышы, жауға шапса сенімді серігі, әрі қаруы болсын» дейтін ұлы тілегі. 

0 пікір