Көршім күрек сұрай келді. Құдық қазғалы жатыр екен. Күрек көршімнің көңілінен артық па, «ләббай» деп, ауланың түкпіріндегі шағын сарайыма енсем, әшейінде қаз-қатар тізіліп тұратын 5 күрегімнің бірі де жоқ. Бәрін де «көршінің садақасы» деп таратып жіберген екенмін. Апыр-ай, алтыншы көршімнен ұят болды-ау! Күректі қойшы, көңілін айтсаңшы?!.. Ертегінің мыстаны құсап, үстіңгі ернімнің астындағы қос күрек тісімнің бірін жұлып ап, аспап әзірлеп берсем бе екен? Өзінің де өңі өкпелегіштігін танытып тұр еді. Бұған дейін қайдағы бір темірге бола көңілім бұзылады деп ойламаған екем, бақсам, көңілдің күрмеуінің бір шеті күректе де жатыр екен ғой.
Қазақта күрек болмаған дейді, мал баққан қаймананың қасиеттісі – қамшы, қамыт. Ал темір деген бертінде ғана қолға тиді емес пе? Жалған. Олай болса, әлгі мыстанның күрегі қайдан әңгіме боп жүр? Жауына күйрете соққы беріп, күреп тастаған да біздің бабаларымыз. Қазақтың күрегі – оның тілінде, жүрегінде. Ендеше, көршіме жүрегімді берсем, жарасып жатыр емес пе? Өкпелегіш өңі жібімесе, өзіне сын.
|
Қазақтың күрегі
|
Көп оқылғандар
■
«Адамзат жалаңаш әйелдердің кесірінен құриды»: Орыс ғалымы бүй дейді
■
«Қиямет күні залым адам: «әттең-ай, пәленшені дос тұтпағанымда ғой! дейді...»: Аят тәпсірі (Ибн Кәсир, Құртуби).
■
Менікі деп жүргеннің бәрі Алланікі (ғибрат әңгіме)
■
Ретсіздік өнімділікке қалай кері әсер етеді, және одан қалай арылуға болады?
■
1917 жылға дейінгі қазақ даласындағы Ислам діні