Бір шыбынның себебінен тозаққа кірген адам
Бір шыбынның себебінен тозаққа кірген адам
12 күн бұрын 4791

Сахаба Сәлмән әл-Фәриси (радияллаһу анһ) мынадай бір оқиғаны әңгімелеп берген екен, бұл оқиға Әбу Нуъаймның «Хулья» кітабында келтіріледі. Оқиға бір шыбынның себебінен бірі - тозаққа, екіншісі - пейішке кірген екі адам жайында. 

Баяғы замандағы халықтардың ішінен екі адам бір пұтқа табынатын қауымға кездесіпті. Ол қауымның әдеті бойынша, кім келсе де міндетті түрде пұттарға құрбан шалдыртады екен. Сол әдетке сай қауымдағылар бұл екеуінің біріне:

- Бір нәрсе құрбан шал! - дейді.

Құрбанға шалатын еш нәрсем жоқ, - деп жауап береді ол.

Олар болса:

- Бір шыбын болса да құрбанға шалуың керек, - деп қоймайды. Ол жарайды дейді де, бір шыбынды «пұттарға құрбандық» деп шалады. Сол әрекеті себепті ол тозақ иелерінен болады!

Одан кейін екінші серігіне келіп:

- Бір нәрсені пұтқа арнап құрбан шал! - деп айтады қауымдағылар. Бұл болса:

- Мен Алладан басқа ешкімге арнап құрбан шалмаймын! - дейді. Қауымдағылар мұны шейіт қылады. Сөйтіп пейішке кіреді. Осылайша бір шыбынның себебінен бір кісі тозаққа түсіп, екіншісі пейішке кірген екен.

Ғибрат:

Былай қарап тұрсақ, болмайтын іс секілді. Алайда, Алла Тағала қасиетті аятында айтқандай: «сендер оны жеңіл (болмайтын) нәрсе деп санайсыңдар, ал ол Алланың жанында үлкен нәрсе»1. Жоғарыдағы оқиғадағы бірінші адам ескермей, пұтқа арнап шыбын болса да құрбан шалып жіберді, осылайша пұтты құдай ретінде таныған болды, сол үшін мүшрік үкіміне кіріп, тозаққа түсіп кетті. Ал екінші адам сақтық танытып, бірден оның «ширк» амал екендігін ұғып, пұтқа шыбынды болса да құрбан шалудан бас тартты. Әрине, өзіне қауіп төндірді, шейіт болды, бірақ мәңгі өмірде пейішке лайық көрілді.

Алла Тағала ғапылдықтан сақтасын!


1Құран Кәрім. «Нұр» сүресі, 15 аят.

0 пікір