"Ей, Омар! Алладан қорық, өлім бар!" (ғибрат-хикая)
"Ей, Омар! Алладан қорық, өлім бар!" (ғибрат-хикая)
2 жыл бұрын 5291

Ертеде Әзіреті Омар Халифа болып тұрған шағында, билікке мастанып, Құдайын ұмытып кетпес үшін өзіне әр күні белгілі бір сәтте өлімді еске салып тұруын бір адамға тапсырыпты. Бұл міндетті мойнына алған адам әр күні белгілі бір мезгілде Әзіреті Омарға келіп:

«Ей, Омар! Алладан қорық, өлім бар!» деп ескертіп кетіп тұрды. Бұл міндет бірнеше ай, тіпті бірнеше жыл жалғасқан екен.

Күндердің бірінде Әзіреті Омар сәлдесін киіп айнаға қараса, самайы мен сақалына ақ түскенін байқайды. Әрине, бұл жағдай Әзіреті Омарды ойландырмай қоймады. Қарт жасқа аяқ басқандығының одан әрірек ойласа, өлімге жақындағандығының нышаны екен. Осындай бір пәс ойға шомып тұрғанда, күндегі әдетінше тағайындаған адамы келіп, Әзіреті Омарға:

«Ей, Омар! Алладан қорық, өлім бар!» деп айтады. Сонда Әзіреті Омар, ол кісіге тапсырған міндеті бүгін аяқталғанын, енді ескертіп тұруына қажеттілік қалмағандығын айтады. Сонда әлгі адам, Халифаның бұнысын түсінбей:

«Уа, мүміндердің әміршісі! Рұқсат етсеңіз, білейін деген едім. Осындай көркем әдетіңізді тоқтатуға не себеп болды екен?» - деп сұрапты.

- Осы уақытқа дейін шашым мен сақалымда ақ жоқ еді, өзімді жас сезінетінмін. Жастықтың жетегіне кетіп, ғапылдық батпағына батып кетпес үшін, күнде маған өлімді еске салып тұратын әрі Алладан қорқуымды кеңес ететін біреуге мұқтаж едім. Енді бүгін айнаға қарасам, самайым ақ түсіп, сақалым ағарыпты. Шашым мен сақалымның ағаруы өлімді еске салып тұрушы ретінде жетеді. Сен маған өлімді күніне бір мезгіл еске салсаң, шашым мен сақалымдағы ақ қыл, әр сәтте еске салып тұрады. Сол себепті, бүгіннен бастап, міндетіңнен босаттым, - деп әрекетінің мәнісін түсіндіріпті. 

А. Қасым

0 пікір