Бір күні Әбу Осман (р.а.) мен Салман (р.а.) екеуі бір ағаштың түбінде көлеңкелеп отырды. Салман әлдебір құрғақ бұтақты сындырып алды да, жапырақтары түскенше желпи бастады. Әбу Османға қарап: «Менің неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың ба?» – деді. Ол: «Иә, неге?» – деді. Салман: «Бір күні Алла елшісімен бірге осылай бір ағаштың астында саяладық. Ол тап мен сияқты қураған бұтақ алып жапырақтары түскенше желпи бастады. Маған қарап: «Салман, неге бұлай жасап отырғанымды сұрамайсың?» – дегенде, мен де: «Айтыңыз, уа, Расулаллаһ?» – дедім. «Бір мұсылман жақсылап дәрет алып бес уақыт намаз оқыса, мына түскен жапырақтар сияқты күнәларынан арылады», – деді де, артынша: «(Мұхаммед) күндіздің екі жағында, (таң мен екінті намазы) Түннің күндізге таяу кезінде, (ақшам мен құптан) намазын толық орында. Анығында жақсылықтар, жамандықтарды жояды. Бұл ойланғандар үшін насихат» – деген аятты оқыды.
Көп оқылғандар
■
«Адамзат жалаңаш әйелдердің кесірінен құриды»: Орыс ғалымы бүй дейді
■
«Қиямет күні залым адам: «әттең-ай, пәленшені дос тұтпағанымда ғой! дейді...»: Аят тәпсірі (Ибн Кәсир, Құртуби).
■
Ретсіздік өнімділікке қалай кері әсер етеді, және одан қалай арылуға болады?
■
Менікі деп жүргеннің бәрі Алланікі (ғибрат әңгіме)
■
1917 жылға дейінгі қазақ даласындағы Ислам діні