"Маған да ештеңе істемей отыруға бола ма?": Қыран мен қоянның оқиғасы (ғибрат)
"Маған да ештеңе істемей отыруға бола ма?": Қыран мен қоянның оқиғасы (ғибрат)
2 жыл бұрын 2929

Қыран бүркіт ағаштың төбесінде қонақтап, ештеңе істемей демалып отыр екен. Оны көрген қоян:

- Маған да, сіз сияқты ештеңе істемей отыруға бола ма? – деп сұрапты.

- Әрине. Неге болмайды? – депті қыран бүркіт.

Содан, қоян ағаштың түбіне жайғасып, ештеңе істемей демалуға кірісіпті. Кенеттен бұтаның арасынан түлкі шыға келіп, жайбарақат демалып отырған қоянды бассалыпты да жеп қойыпты...  

Алынар ғибрат:

«Ештеңе істемей отыру үшін, өте жоғарыда отыруыңыз керек!». )

islam.kz

0 пікір