Бірде бір мүмин мен пұтқа табынушы бірге балық аулауға шығыпты. Теңіз жағалауында тұрып кешке дейін қармақ салыпты. Пұтқа табынушы қармағын теңізге әр лақтырған сайын өзі табынатын пұттың атын атапты. Мүмин болса әр қармақ лақтырған сайын Алланың атын аузынан тастамапты. Бірақ кешке дейін жалғасқан қармақтың соңында пұтқа табынушы дорбасын балыққа толтырыпты. Ал мүминнің қармағына ештеңе ілікпепті. Күн батқан уақыттарда бір балық ұстаған еді, бірақ қуанып тұрғанда айрылып-ақ қалғаны. Кешкісін пұтқа табынушы олжалы, ал мүмин болса, мұңайып құр қол үйіне қайтты. Бұл кезде қорғаушы періште мүминге жанашырлықпен қарады. Көкке шыққанында, Алла оған мүминнің жұмақтағы орнын, ал пұтқа табынушының тозақтағы орнын көрсетті. Бұны көргенде періште былай деді: «Аллаға мың да бір шүкір, жаны жұмаққа баратын болған соң мүминнің дүниеде шеккен қиындықтары түк емес екен. Тозаққа баратын болған соң кәпірдің дүниеде көрген қызықшылықтары да бекер екен».
Көп оқылғандар
■
«Адамзат жалаңаш әйелдердің кесірінен құриды»: Орыс ғалымы бүй дейді
■
«Қиямет күні залым адам: «әттең-ай, пәленшені дос тұтпағанымда ғой! дейді...»: Аят тәпсірі (Ибн Кәсир, Құртуби).
■
Ретсіздік өнімділікке қалай кері әсер етеді, және одан қалай арылуға болады?
■
1917 жылға дейінгі қазақ даласындағы Ислам діні
■
Менікі деп жүргеннің бәрі Алланікі (ғибрат әңгіме)