Отқа табынушы және Ибраһим пайғамбар
Отқа табынушы және Ибраһим пайғамбар
9 жыл бұрын 4855

Отқа табынушы бір кісі Ибраһим пайғамбарға (а.с.) қонақ болуды қалайды. Ибраһим пайғамбар оған егер тәухид сенімін қабылдаса, қонақ қылатынын айтады. Отқа табынушы бұл шартқа келіспей, ренжіп кетіп қалады. Алла Тағала Ибраһим (а.с.) пайғамбарға:

– Әй, Ибраһим! Бір құлым сенімін өзгертпейді екен деп неге оны қонақ етпедің? Жетпіс жыл бойы мені танымаса да оған рызығын үзбей беріп келемін. Бір түн оны қонақ етсең өзің үшін қайырлы болар еді, – деп уахи етті. Бұны естіген Ибраһим (а.с.) отқа табынушыны іздестіріп тауып, қонақ қылады. Әлгі отқа табынушы одан: «Көзқарасыңды өзгертуге не себеп болды?» – деп сұрағанда, Ибраһим (а.с.) мән-жайды баяндайды. Бұған таңғалған отқа табынушы: «Шынында, Алла Тағала маған осылай қарай ма? (Қандай мейірімді Жаратушы. Өзіне дұшпан болсам да досына мен үшін ескерту жасайды?!) Олай болса, маған тәухид сенімін үйрет» – деп мұсылман болған екен.

0 пікір