Бір күні Ибн Масғудқа (р.а.) бір әйел келіп: «Сенің денеге сурет салған, салдырған, бетіндегі майда түктерді жұлған, әдемі көріну үшін тістерінің арасын егеткен, былайша айтқанда, Алланың о баста жаратқан кейпін өзгертпек болған әйелдерге лағынет айтқаның рас па?» – деп сұрайды. Ибн Мәсғуд (р.а.) оған: «Бұл айтқандарыңның бәрі Алланың кітабында бар», – деп жауап береді. Әлгі әйел: «Құдай ақы, мен Құранды басынан аяғына дейін оқып шықтым, бірақ мына айтқаныңды көрмедім», – дейді. Сонда Ибн Мәсғуд (р.а.): «Сен Құрандағы وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانْتَهُوا «Расул сендерге нені істеуді бұйырған болса, соны орындаңдар, неге тыйым салған болса, содан бас тартыңдар»1 деген аятты оқымадың ба?» – деп жауап берген екен.
Өзекті мақалалар
■
«ӨЗ АЯЛДАМАҢА ЖЕТТІҢ БЕ, ТҮСУІҢ КЕРЕК!»: әл-Әзхар ғалымдарының Хусни Мүбаракка айтқандары
■
ҚАЗАҚ САЛТЫНДАҒЫ АЖЫРАСУ ЖӘНЕ «АҚЫМАР» ЕНШІСІ
■
НЕЛІКТЕН ЕУРОПАЛЫҚТАРДЫҢ КӨБІ ИСЛАМҒА КІРІП ЖАТЫР? ОЛАРҒА НЕ ЖЕТПЕЙДІ?
■
Черчилль шынымен мұсылман дініне өткісі келген бе?
■
Дәреттің медициналық пайдалары анықталды
Көп оқылғандар