Шаштаразға Құдайдың барын дәлелдеген адамның оқиғасы
Шаштаразға Құдайдың барын дәлелдеген адамның оқиғасы
5 жыл бұрын 6759

Бір кісі шаштаразға келеді. Шашын қырққызып жатып шаштаразбен әңгімелесе бастайды. Шаштараз:

– Не десеңіз де, мен Алла барына сенбеймін, – дейді. Кісі:

– Неге?

– Алланың жоқ екеніне көшеге шықсаңыз болды, көз жеткізуге болады. Айтыңызшы, егер Жаратушы бар болса, онда неге науқас жандар көп, жетімдер, тастанды балалар… Ол бар болса, осындай жандарға неге көмектеспейді?

Кісі үн қатпастан ақысын төлеп шаштараздан шығып бара жатады. Анадайда сақал-мұрты, шашы өсіп кеткен біреуді көреді. Қаңғыбасты қолымен нұсқап шаштаразға қарап:

– Шаштараздар жоқ! – дейді.

– Қалайша жоқ, міне, мен бармын, шаштаразбын ғой!

– Жоқ! Олар жоқ, шаштараздар бар болса, анадай сақал-мұрты өсіп кеткен адамдар болмас еді!

– Оған шашатараз кінәлі емес қой. Өздері маған келмейді, келсе, шашын, сақалын әдемі етіп алып бере едім…

– Міне, бар мәселе осында емес пе? – дейді кісі. Мен де сол жайлы айтам: – Жаратушы бар. Тек адамдар өздері Оны іздемейді, Оған келмейді. Сол себепті бұл өмірде қайғы-қасірет пен қиыншылық көп.

0 пікір