Сұлтан Сүлеймен мен христиан шаруа (тарихтан ғибрат)
Сұлтан Сүлеймен мен христиан шаруа (тарихтан ғибрат)
5 жыл бұрын 5823
 «Алла залымдардың істегендерінен кәперсіз деп әсте ойлама! Шынында Алла, оларды көздері шарасынан шығатын бір күнге дейін кешеуілдетеді»

(Құран Кәрім, «Ибраһим» сүресі, 42-аят).

Кануни Сұлтан Сүлейменнің (1494-1566 ж.) Австрияға жасаған жорығының бірі еді. Əскерлер жолда кетіп бара жатып христиан ауылдарына ұшырасып отырды.

Содан Кануни Сұлтан Сүлейман жол-жөнекей аялдауға бұйрық беріп, тынығып отырған сәтінде бір христиан дініндегі жергілікті шаруа сұлтанның құзырына келіп:

-Уа, мәртебелі сұлтан! Әскерлеріңіздің бірі бақшамдағы жүзімді жұлып жеп, орнына ақшасын іліп кетіпті. Соған орай сізге алғысымды айтайын, әрі, бәрекелді дейін деп келдім, - дейді.

Сонда Сұлтан Сүлейман тез арада жаңағы жүзім алған әскерді шақыртады да, әскер қатарынан шығарып жіберіп, жорыққа қатысуға тыйым салады. Одан кейін таң қала қарап тұрған христиан шаруаға бұрылып:      

- Әскердің халі – жеңіс пен үстемдікке жетудің алғы шарты. Егер, аталмыш әскер жұлған жүзімнің орнына ақшасын іліп кетпегенде, бұл әрмия – залымдар әрмиясы атанар еді және ол әскердің басы шабылар еді. Ақшасын іліп кеткендіктен басы аман қалды. Бірақ егесінің рұқсатынсыз біреудің дүниесіне қол сұққаны үшін әскер қатарынан шығарылу жазасына кесілді» - деген екен.

 [Osman Nûri Topbaş: Faziletler Medeniyeti-1]


Кануни Сұлтан Сүлейман Хан - Осман империясының оныншы падишахы. Билік құрған жылдары: 1520-1566ж. Әкесінің аты: Явуз Сұлтан Сәлим. Сұлтан Сүлейменнің дәуірінде Османлы салтанаттығы шарықтау шегіне жетіп, саяси тұрғыда болсын, әскери, әрі экономикалық тұрғыда болсын, бүкіл әлемде басымдылыққа қол жеткізді. Бұнымен қатар, оның дəуірінде өнер, әдебиет, ғылым, архитектура саласы қатты дамыды. Кім білсін, елінің тасы өрге домалап, билігі үстем болуының бірден-бір себебі, біреудің ала жібін аттатпайтындай әділ болғаны үшін шығар.

0 пікір