Ыстықтағы ораза (ғибрат)
Ыстықтағы ораза (ғибрат)
2 ай бұрын 2700

Нөкерлерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып, бір бұлақтың басында тынығуды жөн көрді. Дастархан жайылғанда, Хажжаж: «Маңайға қараңдаршы, жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе, шақырыңдар, астан ауыз тисін», – деді. Нөкерлер үстіне ілген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жатқан жерінен оятып ертіп келді. 

Хажжаж оған:

- «Кел, бірге тамақтанайық», – деді.

Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж

себебін сұрағанда:

- «Мені бұдан да артық дастархан күтіп тұр», – деп жауап берді.

– Ол қандай дастархан? – дегенде:

– Алла тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын, – деді. 

Хажжаж:

- «Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп ауыз бекітіп жүрсің?», – деп таңырқағанда, ол: 

– Иә, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы ыстыққа шыдап ораза ұстап жүрмін, – деп жауап берді. 


 «Тағылым тамшылары» кітабынан

0 пікір