Құ­ран Кә­рім­нің Алла Та­ға­ла та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген­ді­гі­нің кей­бір дә­лел­де­рі*
Құ­ран Кә­рім­нің Алла Та­ға­ла та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген­ді­гі­нің кей­бір дә­лел­де­рі*
9 жыл бұрын 3260
Қайрат Жолдыбайұлы
  • Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) дәуі­рін­де араб­тар­дың ауыз әде­биеті, сөз өне­рі­нің, әсі­ре­се, ақын­дық­тың шы­ңы­на жет­ке­ні сон­ша­лық ақын­дар бір шу­мақ өлең­де­рі­мен бей­біт жат­қан екі ел­ді со­ғыс­ты­рып не­ме­се қы­лыш­та­рын қын­да­ры­нан шы­ға­рып, со­ғы­су­ға шақ қал­ған екі ел­ді тату­лас­ты­ра­тын­дай дә­ре­же­де бол­ған. Жыл сай­ын сөз өне­рін­ен арналған сайыстар ұйым­дас­ты­ры­лып, ал­ғаш­қы же­ті орын­ға ие бол­ған шай­ыр­лар­дың есі­мі мен өлең­де­рін  ал­тын­мен әше­кей­леп қағ­ба­ға іліп қоя­тын. Ақындарды былай қойғанда, жал­пы ха­лық­тың өзі бір-бі­рі­мен өлең­де­сіп сөй­лес­кен. Мі­не, сөз өне­рі­нің осын­дай шы­ңы­на жет­кен уақы­тта Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) Құ­ран түс­кен.

Қа­зір­гі дін дұш­пан­да­ры сияқ­ты сол дәуір­дің кә­пір шай­ыр­ла­ры­ның Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға: (с.а.у.) «Құ­ран­ды өзің ой­дан жа­зып жа­тыр­сың» де­ген жа­ла­ла­ры­на қар­сы Алла Та­ға­ла:

﴿قُللَّئِنِ اجْتَمَعَتِ الإِنسُ وَالْجِنُّ عَلَى أَن يَأْتُواْ بِمِثْلِ هَـذَا الْقُرْآنِلاَ يَأْتُونَ بِمِثْلِهِ

وَلَوْ كَانَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ ظَهِيراً﴾

«Олар­ға бы­лай деп айт: Ант етейін, егер адам­дар мен жын­дар мы­на Құ­ран­ның ұқ­са­сын жа­сау үшін жи­на­лып, тіп­ті бір-бі­рін қол­дап, күш­те­рін жи­на­са да оған ұқ­сас бір кі­тап жа­за ал­май­ды» (Ис­ра/88) – деп аят тү­сі­ріп, олар­дан Құ­ран­ға ұқ­сас бір кі­тап жа­зу­ла­рын талап ете­ді. Алай­да араб ақын-ше­шен­де­рі Құ­ран­ға ұқ­сас бір кі­тап жа­зу қол­да­ры­нан кел­ме­ген­дік­тен ауыздарына құм құйылып үн-түн­сіз қа­ла бер­ді.

Алла Тағала бас­қа бір аят­та:

﴿أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ قُلْ فَأْتُواْ بِعَشْرِ سُوَرٍ مِّثْلِهِ مُفْتَرَيَاتٍ وَادْعُواْ مَنِ اسْتَطَعْتُم مِّن دُونِ اللّهِ إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ﴾

«Жоқ, әл­де олар (кә­пір­лер) Құ­ран­ды өзі құ­рас­ты­рып ал­ды деп жа­тыр ма? (Мұхаммед (с.а.у.) олар­ға айт: Егер айт­қан­да­рың рас бол­са Алладан бас­қа ша­қы­ра ала­тын­да­рың­ды (жәр­дем­ге) ша­қы­рың­дар, (бә­рің бі­рі­гіп) сен­дер де сол сияқ­ты құ­рас­ты­рыл­ған он сү­ре жа­зың­дар!»[1]- деп ән­шейін­де на­мыс­шыл бо­лып ке­ле­тін шай­ыр­лар­дың на­мы­сы­н қайрап, олар­дан құ­рас­ты­рыл­ған он сү­ре жа­зу­ла­рын та­лап ете­ді. Бі­рақ шай­ыр­лар­дың ауыз­да­ры­на құм құйы­лып, дәр­мен­сіз­дік­тен Алланың бұл та­ла­бын да жауап­сыз қал­дыр­ды. Он сү­ре жа­зу­ға ша­ма­ла­ры кел­ме­ген шай­ыр­лар­ды Алла Та­ға­ла бас­қа бір аят­та бы­лай деп, бар бі­ле­тін өнер­ле­рін көр­се­ту­ге ша­қы­ра­ды.

﴿وَإِن كُنتُمْ فِي رَيْبٍ مِّمَّا نَزَّلْنَا عَلَى عَبْدِنَا فَأْتُواْ بِسُورَةٍ مِّن مِّثْلِهِ وَادْعُواْ شُهَدَاءكُم مِّن دُونِ اللّهِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ*فَإِن لَّمْ تَفْعَلُواْ وَلَن تَفْعَلُواْ فَاتَّقُواْ النَّارَ الَّتِي وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ أُعِدَّتْ لِلْكَافِرِينَ﴾

«Егер құ­лы­мыз­ға тү­сір­ге­н Құ­ран­ға кү­мән­дан­саң­дар, қа­не­ки, бір сү­ре­сі­не ұқ­сас сү­ре жа­зып әке­лің­дер жә­не Алладан бас­қа сене­тін­де­рің­нің бар­лы­ғын ша­қы­рың­дар, егер күмәндарың әрине рас бол­са. Бұ­ны жа­сай ал­ма­саң­дар, – еш­қа­шан жа­сай ал­май­сың­дар да – Ен­де­ше, оты­ны адам­дар мен тас­тар­дан тұ­ра­тын кә­пір­лер­ге әзір­лен­ген то­зақ оты­нан сақ­та­ның­дар» (Ба­қа­ра, 23-24). Ән­шейін­де на­мыс­шыл ке­ле­тін шай­ыр­лар бұл жо­лы та­ғы да Алланың та­ла­бы­на дәр­мен­сіз қа­лып, Құ­ран­ға ұқ­сас бір кі­тап емес, тіп­ті он сү­ре де емес, жал­ғыз ғана сү­ре жа­зу да қол­да­ры­нан кел­ме­ген­дік­тен тағы да үн­сіз қал­ды. Иә, кү­мән кел­тір­ген араб­тар­дың өз­де­рі­нен та­лап етіл­ген Құ­ран­ға ұқ­сас бір кі­тап­ты, ­яки он сү­ре­сін, тіп­ті жал­ғыз сү­ре­сін жа­зу Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) жа­ңа ді­ні­не тосқауыл бо­лу­дың ең қыс­қа әрі оңай жо­лы бо­ла тұ­ра, мал-жан­да­рын қа­тер­ге со­ға­тын со­ғыс жо­лын таңдау­ла­ры­ның ас­та­рын­да Құ­ран сү­ре­ле­рі­нің ұқ­са­сын жа­за алмаула­ры бар еді. Өйтке­ні Құ­ран ма­ғы­на­сын­да­ғы терең­ді­гі мен тә­сі­лін­де­гі ерек­ше­лі­гі жа­ғы­нан араб­тар­дың қа­ра сөз­де­рі­не де, өлең шу­мақ­та­ры­на да ұқ­са­май­ды. Он төрт ға­сыр­дан бе­рі Құ­ран сү­ре­ле­рі­не ұқ­сас бір сү­ре­ні күл­лі адам ба­ла­сы­ның жа­за ал­мауы Құ­ран­ның Алла Та­ға­ла та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген хақ кі­тап екен­ді­гі­нің ай­қын дә­ле­лі.

  • Құ­ран мен Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) хади­стері­нің ара­сын­да сөз стильі тұрғысынан жер мен көк­тей ерек­ше­лік бар. Ерек­ше­лі­гі сон­ша­лық кез кел­ген араб­ша бі­ле­тін адам ма­ғы­на­ла­ры бір бо­лып ке­ле­тін Құ­ран аят­та­ры мен ха­дис­тер­ді, «мы­нау – аят», «мы­нау – ха­дис» деп оп-оңай ажы­ра­та ала­ды. Араб­тар пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ха­дис­те­рін өзде­рі­нің сөз­де­рі­не ұқ­сас деп бі­ліп, Құ­ран­ды өз­де­рі қол­да­на­тын сөй­леу тә­сіл­де­рі­нің еш­қай­сы­сы­на ұқ­са­та ал­май, қай­ран қа­ла­тын. Се­бе­бі, Құ­ран­да араб­тар­дың қол­дан­ған қа­ра сөз­де­рі­не де, өлең­де­рі­не де ұқ­са­май­тын, жал­пы бар­лық ада­ми сөй­леу тә­сіл­дер­ден мүл­дем өз­ге­ше өзі­не ға­на тән илә­һи (құ­дай­лық) тә­сіл бар.
  • Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ха­дис­те­рін оқы­ған уақы­ты­мыз­да те­рең тол­ға­нып, Алланың ұлы­лы­ғы­ның ал­дын­да бас иіп, те­бі­ре­ніп ай­тып тұр­ған адам бей­не­сі сезі­ле­ді. Ал Құ­ран­ды оқы­ған уақы­ты­мыз­да Алланың ұлы­лы­ғы мен жаб­бар­лы­ғы­ның үні бай­қа­лып, сөз­дің жұмыр бас­ты адам­нан емес, бү­кіл әлем­дер­дің Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­нан ке­ліп тұр­ған­ды­ғы анық байқалады. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың бір-бі­рі­нен тым бас­қа­ша екі тә­сіл­ді әр жер­де еш ой­лан­ба­стан, оп-оңай ажы­ра­тып қол­да­нуы Құ­ран­ның ойдан шығарылған кітап емес, Алла Тағала тарапынан  түсірілгендігінің айқын дә­ле­лі бол­са ке­рек.
  • Оқу-жа­зу біл­мей­тін Алла елшісінің (с.а.у.) уахидың көмегінсіз же­ке тұл­ға­лық, от­ба­сы­лық, қо­ғам­дық, эко­но­ми­ка­лық жә­не адами қатынастарды реттейтін құқықтық қағидалар қой­ып, ислам діні сияқты кемел жүйе құ­руы әсте мүмкін емес. Алла елшісінің (с.а.у.) алып келген жаңа жүйесі ға­сыр­лар бойы дос-дұш­пан, сан алуан ұлт­тар та­ра­пы­нан іс жү­зін­де қол­да­нылуда. Тіп­ті за­ман ес­кір­ген сай­ын ислам діні жа­ңа­ра тү­суде. Ендеше бұл ереже-қағидаларды қойған Мұхаммед (с.а.у.) емес, Ұлы Жаратқанның өзі болмақ. Та­ри­хқ­та көп­те­ген құн­ды кі­тап­тар жа­зыл­ған. Бі­рақ жұ­мыр бас­ты пен­де­нің туын­ды­сы бол­ған­дық­тан, за­ман­ның жа­ңа­лы­ғы­на өз ше­ші­мін бе­ріп, адам­зат­тың күн сай­ын да­мы­ған ой-өрі­сін қа­на­ғат­тан­ды­ра ал­ма­ған­дық­тан, жа­ңа тол­қын та­ра­пы­нан «ісің біт­ті» де­лі­ніп, сө­ре­де­гі ор­ны­нан бей­мә­лім жақ­қа тәрк етіл­ген. Ал, Құ­ран­ға де­ген адам­зат­тың мұқ­таж­ды­ғы күн­нен-күн­ге ар­тып отыр. Иә, за­ман ес­кір­ген сай­ын Құ­ран жа­ңа­ра тү­су­де. Өт­кен ға­сыр­лар­да тәп­сір­ле­ніп, сол ға­сыр­лар­да­ғы аса кө­кей­кес­ті мә­се­ле­лер­ге дауа бол­ған Құ­ран аят­та­ры бү­гін­де бас­қа қы­ры­нан тәп­сір­ле­ніп, құд­ды жа­ңа ға­на түс­кен­дей адам­зат­тың ше­ші­мін күт­кен не­бір за­ма­науи күр­де­лі күр­меуле­рі мен сан­сыз сау­ал­да­ры­на жауап бе­ру­де жә­не қия­мет­ке дейін бе­ре бер­мек. Сөй­тіп, өзі­нің сар­қыл­мас қа­зы­на­ға то­лы мәң­гі­лік мұғ­жи­за, ес­кір­мес илә­һи кі­тап еке­нін дә­лел­дей бер­мек.
  • Әлем­де мил­лион­да­ған адам жат­қа бі­ле­тін жә­не күн сай­ын жа­лық­па­стан оқы­ла­тын Құ­ран се­кіл­ді екін­ші бір кі­тап жоқ. Қандай классикалық әдеби кітапты алсаңыз да бір неше рет оқығаннан кейін одан жалығасыз. Ал Құранды оқыған сайын жалығу былай тұрсын, ол сізді жаңа ойларға жетелеп, рухани шабытқа кенелтеді. Көңіліңізге көктем сыйлайды. Ал­ты жүз­ден аса бет­тен тұ­ра­тын Құ­ран Кә­рім­нің араб ті­лін біл­мей­тін мил­лион­да­ған адам­дар та­ра­пы­нан сөз­бе-сөз то­лық­тай оңай жат­та­луы жә­не адам­ның жан­дү­ниесі­не ағы­ла құйы­лып, бау­рап ала­тын, тек өзі­не ға­на тән ерек­ше әуені мен әуезі – Оның илә­һи кі­тап екен­ді­гі­нің нақ бел­гі­сі.
  • Құ­ран­ның бұ­рын бо­лып кет­кен көптеген оқи­ға­лар мен келе­шек­те бо­ла­тын оқи­ға, жа­ңа­лық­тар­дан нақты ха­бар бе­руіне ат үс­ті қа­рап, оны адам ба­ла­сы­ның жаз­ған туын­ды­сы деу қисынға қайшы. Бұл жер­де оның бар­лы­ғын қам­тып жа­зу мүмкін болмағандықтан, мысал ретінде бір-екеуін  ғана беріп отырмыз.
  • Са­лих, Лұт, Мұ­са сияқ­ты пай­ғам­бар­лар мен қауым­да­ры­ның ежел­гі дәуір­де ғұ­мыр кеш­кен ме­кен­де­рі мен өмір сү­ру ахуал­да­рын Құ­ран баян­да­ған­дай ен­ді ға­на зерт­теп тап­қан қа­зір­гі ар­хе­оло­гия ғы­лы­мы Құ­ран­ға ерік­сіз таң­ға­лу­да.
  • Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) дәуі­рін­де рум­дық­тар мен са­са­нид­тер үне­мі бір-бі­рі­мен шай­қас­та бо­ла­тын. Рум­дық­тар са­са­нид­тер­ден соң­ғы со­ғыс­та қай­та бас кө­тер­мес­тей ой­сы­ра же­ңі­ліс­ке ұшы­рай­ды. Осы же­ңі­ліс­тен кейін рум­дық­тар­дың бір­не­ше жыл­дың ішін­де же­ңіс тұ­ғы­ры­на қай­та кө­те­рі­ле­тін­ді­гі­не еш­бір ке­мең­гер, да­ныш­пан­ның бол­жам жа­сауы мүм­кін емес еді. Мі­не, осын­дай еш­бір бол­жам­ның ұшы да кө­рін­бе­ген ке­зең­де Құ­ран Кәрім рум­дық­тар­дың осы же­ңі­ліс­те­рі­нен кейін са­са­нид­тер­ді бір­не­ше жыл­дың ішін­де қай­та же­ңе­тін­ді­гін дөп басып ай­тып са­ла­ды:

﴿غُلِبَتِ الرُّومُ * فِي أَدْنَىالْأَرْضِ وَهُم مِّن بَعْدِغَلَبِهِمْ سَيَغْلِبُونَ * فِي بِضْعِ سِنِينَ...

«Рум же­ңіл­ді, сен­дер­ге ең жа­қын жер­де. Олар бұл же­ңі­ліс­те­рі­нен кейін бір­не­ше жыл­дың ішін­де қай­та же­ңіс­ке же­те­ді...»[2]. Құ­ран айт­қан­дай-ақ рум­дық­тар саса­нид­тер­ді бір­не­ше жыл­дың ішін­де қай­та же­ңеді.



* Бұл жай­лы кең мағ­лұ­мат үшін қа­ра­ңыз, М. ИСАҰЛЫ, Құ­ран кімнің сө­зі?, Ал­ма­ты, 2004.

[1] Һуд сү­ре­сі/11-13.

[2] Рум сү­ре­сі/1-4.

0 пікір