Алла Тағала періштелерге әр түрлі міндеттер жүктеген. Алла Тағаланың оларға міндет жүктеуі – олардың көмегіне мұқтаждығынан емес, керісінше, олар өз міндеттерін орындаулары арқылы Ұлы Жаратушыларының құдіретін, ұлылығын және шексіздігін күллі әлемдерге паш етіп, теңдессіз патшалығының сән-салтанатын жалпы жаратылысқа жар салып, куәлік етеді. Алла Тағала ешнәрсеге, ешкімге мұқтаж емес. Періштелер өздеріне жүктелген міндеттерін орындау арқылы өздеріне тән ғибадаттарын жасап, Ұлы Жаратушыларының рақымына бөленеді.
Өзекті мақалалар
Көп оқылғандар