Пе­ріш­те­лер­ге иман
Пе­ріш­те­лер­ге иман
9 жыл бұрын 3309
Қайрат Жолдыбайұлы

Пе­ріш­те­лер­ге иман – Ис­лам ді­нін­де­гі иман не­гіз­де­рі­нің бі­рі. Пе­ріш­те­лер ғай­ыб әле­мі­нен, яғ­ни, біз­ге кө­мес­кі әлем­нен бол­ған­дық­тан, біз олар­ды кө­з­бен кө­ріп, ақы­лмен толық қамтып тү­сі­не ал­май­мыз. Сон­дық­тан олар жай­лы мағ­лұ­мат­ты Құ­ран­ның біз­ге жет­кіз­ген қа­сиет­ті аяттары мен Алла Ел­ші­сі­нің (с.а.у.) ха­дис­те­рі ар­қы­лы бі­ле­міз.

Құ­ран­да: «Алла Ел­ші­сі Раб­бы та­ра­пы­нан өзі­не тү­сі­ріл­ген­дер­ге иман ет­ті жә­не мү­мін­дер де (иман ет­ті). Бар­лы­ғы Аллаға, пе­ріш­те­ле­рі­не, кі­тап­та­ры­на, пай­ғам­бар­ла­ры­на жә­не ақы­рет кү­ні­не иман ет­ті...»[1] - де­лін­се, бас­қа бір ая­тын­да: «Кім­де-кім­ Аллаға жә­не Оның пе­ріш­те­ле­рі­не, кі­тап­та­ры­на, пай­ғам­бар­ла­ры­на жә­не ақы­рет кү­ні­не иман ет­пе­се, қат­ты ада­са­ды...»[2]- деп пе­ріш­те­ле­рі­нің бар­лы­ғы­нан ха­бар­дар етіп жә­не олар­ға еш шарт­сыз иман ету­ді бұй­ыра­ды. Не­гі­зін­де періш­те­лер­ге иман ет­пеу – Алла Та­ға­ла­ның жер бе­ті­не жі­бер­ген пай­ғам­бар­ла­ры­на жә­не олар­ға түс­кен кі­тап­тар­ға иман ет­пеумен бір­дей. Се­бе­бі, Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның адам ба­ла­сы­на ақ пен қа­ра­ны ажы­ра­тып, ту­ра жол­ды көр­се­тіп, ақи­қат пер­де­сін ашу үшін тү­сір­ген бар­лық кітап­та­ры уахи жо­лы­мен пай­ғам­бар­ла­ры­на осы періштеле­рі ар­қы­лы ке­ліп жет­кен.

[1] Ба­қа­ра сү­ре­сі/285.

[2] Ни­са сү­ре­сі/136.

0 пікір