Тәуе­кел
Тәуе­кел
9 жыл бұрын 7469
Қайрат Жолдыбайұлы

Тәуе­кел сө­зі «се­нім ар­ту, іс­ті бі­реуге тап­сы­ру» де­ген ма­ғы­на­ларды білдіреді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы: «Бел­гі­лі бір мақ­сат­қа, нә­ти­же­ге қол жеткізу үшін қа­жет­ті зат­тық жә­не ру­ха­ни бар­лық се­беп-сал­дар­лар­ды орын­да­ған­нан кейін нә­ти­же­сін Аллаға тапсыру, кү­ту» дегенге саяды.

Мы­са­лы, ди­қан уақы­ты кел­ген­де же­рін жыр­тып, тұ­қы­мын сеуіп, со­сын суа­рып, со­дан соң арам шөп­те­рін жұ­лып, қа­жет бол­са тү­бін қоп­сы­тып, ке­рек­ті тың­айт­қыш дә­рі­ле­рін шаш­қан­нан кейін жақ­сы өнім бе­руін Ұлы Жа­ра­ту­шы­дан ті­леп, ең­бе­гі­нің нә­ти­же­сін Одан кү­туі, құ­ді­ре­ті­не се­нім ар­тып, тап­сы­руы Ис­лам құп­та­ған тәуе­кел­ге жа­та­ды. Бұ­лар­дың еш­қай­сы­сын орын­да­май жа­тып «тағ­ды­рым­да не бол­са, сол бо­ла­ды» деп қол қу­сы­рып қа­рап жа­ту – тәуе­кел емес, жал­қау­лық­тың дәл өзі. «Атың­ды ар­қан­дап, тұ­саула­ған­нан кейін ға­на Жа­рат­қан­ға тәуе­кел ет» де­ген атам қа­зақ­тың ма­қа­лы – дәл Ис­лам­да­ғы осы тәуе­кел тү­сі­ні­гі­не сай ай­тыл­ған. Тіпті бұл мақал пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінен алынған.

­Тәуе­кел мұ­сыл­ман­дар­дың тағ­дыр­ға де­ген бе­кем сенім­де­рі­нің та­би­ғи нә­ти­же­сі. Тәуе­кел ет­кен адам – Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на еш­бір шарт­сыз бас иіп, тағ­ды­ры­на, өзі­не бе­ріл­ген үле­сі­не ри­за бол­ған иман­ды жан. Тағ­дыр­ға иман етіп, тәуе­кел­ге бел бай­лау – жал­қау­лық етіп, ай қа­рап, жұл­дыз са­нау емес, ке­рі­сін­ше, бар кү­шің­ді са­лып, бар мүм­кін­ші­лік­те­рің­ді қол­дан­ған­нан кейін нә­ти­же­сін Жа­ра­ту­шы­дан кү­ту. Се­бе­бі, Алла Та­ға­ла әр­бір іс­тің нә­ти­же­сі­не же­ту үшін бел­гі­лі се­беп­тер мен заң­дар жа­рат­қан. Яғ­ни, би­дай ек­пей, егін өс­пей­ді, ауру ем­дел­мей, жа­зыл­май­ды. Игі іс­тер іс­теп, кү­нә­лар­дан ау­лақ бол­май­ын­ша, Алланың ри­за­шы­лы­ғы да бол­май­ды, жән­нат та қа­шық. Олай бол­са, тәуе­кел – ең­бек етіп, тер тө­гіп, бар­лық ке­рек­ті се­беп­тер­ді орын­да­ған­нан кейін нә­ти­же­сін Аллаға тап­сы­рып, Жа­рат­қан­ның бер­ген үле­сі­не ри­за бо­лу, бас ию.

Алла Та­ға­ла Құ­ран­да: «...Ше­ші­мің­ді қа­был­да­ған­нан кейін Аллаға тәуе­кел ет. Еш кү­мән­сіз Алла Таға­ла тәуе­кел ет­кен­дер­ді жақ­сы кө­ре­ді», - деп мү­мин­дер­дің бас­қа бі­реуге емес, тек Өзі­не ғана се­нім ар­тып, бас июле­рін бұй­ыра­ды.

0 пікір