Әлемдегі теңдессіз жүйе дәлелі
Әлемдегі теңдессіз жүйе дәлелі
10 жыл бұрын 5384

Иә, тө­бе­міз­де­гі бас ай­нал­ды­рар таң­ға­жай­ып үй­ле­сім­ді жүйе­мен жүрген сан­сыз жы­мың­да­ған жұл­дыз­дар мен жан-жа­ғы­мыз­ды қор­шап жат­қан мың бір ма­ғы­на-хик­мет­ке то­лы жал­пы жа­ра­ты­лыс – Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­ды та­ны­та­тын ерек­ше алып кі­тап. Ас­пан әле­мі­нің әр­бір қа­ба­ты – бұл үл­кен кі­тап­тың же­ке-же­ке бет­те­рі, әр­бір га­лак­ти­ка – сол бет­те­гі же­ке-же­ке ма­ғы­на­лы сөй­лем, сол га­лак­ти­ка­лар­да­ғы әр­бір жұл­дыз – том-том кі­тап­тар­ға па­ра-пар ма­ғы­на­лы жа­рық сөз. Жер ша­ры бұл үл­кен кі­тап­тың маз­мұ­нын қам­ти­тын не­гіз­гі бе­ті бол­са, адам ба­ла­сы сол бет­тің не­гіз­гі маз­мұн-ма­ғы­на­сы. Барлы­ғы Ұлы Жа­ра­ту­шы Алланы өз бол­мы­сы­мен танытып, Оның бар екен­ді­гін һәм бір екен­ді­гін күл­лі әлем­ге әй­гі­леп тұр.

Жал­пы жа­ра­ты­лыс­қа қа­ра­ға­ны­мыз­да он­да­ғы әр нәр­се­нің орын-ор­нын­да тұр­ға­нын, арнайы өзін­дік мән-ма­ғы­на­мен бе­зен­ді­ріліп, әрқайсысына бел­гі­лі бір мін­дет жүк­тел­ге­нін кө­ре­міз. Әр нәр­се­ден сұ­лу­лық, ке­мел­дік, жүйелі­лік бай­қай­мыз. Жал­пы жа­ра­ты­лыс са­ғат сияқ­ты ке­ре­мет есеп­пен, нә­зік жүйе­мен іс­теп тұр. Тіп­ті біз­дер са­ға­ты­мыз­ды осы жал­пы жа­ра­ты­лыс­та­ғы жүйеге қа­рай есеп­тей­міз. Ен­де­ше, өзін­дік ма­ғы­на-мін­де­ті бар кішкен­тай ине­нің де бел­гі­лі бір ұс­та­сы­ның бо­ла­ты­ны секіл­ді, жа­ра­ты­лыс­та­ғы сұ­лу­лық­тың, ке­мел­дік­тің, жүйе­нің, мән-ма­ғы­на­ның да бір жа­ра­ту­шы­сы, қоюшы­сы бо­лу­ға тиіс.

Кей­бі­реулер айт­атын­дай, бұл әлем өз-өзі­нен, кездей­соқ пай­да бол­ған жоқ. Не­ге дей­сіз бе? Өйтке­ні кез­дей­соқ­тық мы­на өте ке­ре­мет жүйе­мен, нә­зік те ғаламат есеп­пен іс­теп тұр­ған ұшы-қиыры жоқ шек­сіз әлем­ді, жара­ты­лы­сын­да еш мі­ні жоқ түр­лі-түс­ті, сан алуан жан-жа­ну­ар­ды, көз­дің жауын ала­тын сан­сыз өсімдік әле­мін жә­не мың бір сыр­лы, ға­жай­ып жал­пы жара­ты­лыс­ты жасай­тын­дай күш пен ақыл­дан ма­құ­рым.

0 пікір