Сауда тауар­ла­ры­ның зе­ке­ті
Сауда тауар­ла­ры­ның зе­ке­ті
9 жыл бұрын 5938
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Сауда тауар­ла­ры­ның зе­ке­ті­не байла­ныс­ты дә­лел­дер:

Алла Та­ға­ла «Ба­қа­ра» сү­ре­сі­нің 81-ая­тын­да: «Ей, иман ет­кен­дер, тап­қан­да­рың­ның жә­не сен­дер үшін жер­ден шы­ғар­ған­да­ры­мыз­дың адал жә­не та­заларын Аллаһ үшін жұм­саң­дар». Бұл аят сауда тауар­ла­ры жә­не то­пы­рақ өнім­де­рі­нің зе­ке­ті ту­ра­сын­да тү­сі­ріл­ген. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Түйеде – зе­кет бар, сиыр­да – зе­кет бар жә­не ма­та­да –зе­кет бар», – деп бұйыр­ған. Бұл жер­де­гі ма­та сауда тауары бол­ған­дық­тан, ха­дис сауда тауа­рын­да­ғы зе­кет­тің па­рыз­ды­ғы­на дә­лел. Сә­му­ра иб­ну Жун­дәб бы­лай дейді: «Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) сауда үшін дайын­да­ған зат­та­ры­мыз­дың зе­ке­тін бе­руі­міз­ді әмір ете­тін-ді».[1]

 

Сауда тауар­ла­ры қа­лай есеп­те­ле­ді?

Бір зат­тың сауда тауары бо­лып есеп­те­луі үшін бас­та сауда жа­сап, кі­ріс кір­гі­зу ниеті­мен ие­лік­те ұс­тау ке­рек.

Сауда тауар­ла­ры­ның ни­сап мөл­ше­рі 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны деп есеп­те­лу­де. Осы мөл­шер жыл­дың ба­сы мен ая­ғын­да то­лық бо­лып, ор­та­сын­да азайса да, зе­ке­ті бе­рі­ле­ді. Зат­та­ры­ның ба­ға­сы мен қо­лын­да­ғы ақ­ша­ның құ­ны 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең ке­ліп, бір жыл тол­са, қы­рық та бі­рі – зе­кет ре­тін­де бе­рі­ле­ді. Сауда зат­та­ры­ның зе­ке­тін зат­тай не­ме­се ақ­ша­лай бе­руіне бо­ла­ды. Сауда тауар­ла­ры жыл со­ңын­да­ғы кө­тер­ме ба­ға­ға қа­рай ба­ға­ла­на­ды. Жыл ба­сын­да­ғы не­ме­се ор­та­сын­да­ғы өз­ге­ріс­тер есеп­ке алын­байды.

Са­ту үшін ба­ғыл­ған мал­дар сауда тауар­ла­ры­ның қа­та­ры­на кі­ріп, 2,5 % зе­ке­ті алы­на­ды.

Сауда ар­қы­лы жыл бойы та­был­ған кі­ріс жә­не жал­пы сауда-сат­тық жо­лы­мен кел­ме­ген ми­рас, сый­лық сияқ­ты кі­ріс­тер де не­гіз­гі ка­пи­тал­ға қо­сы­лып, жыл со­ңын­да бә­рі­нің есе­бі бір­ге есеп­те­ле­ді. Не­гіз­гі ка­пи­тал­ға бір жыл тол­ған­нан кейін кел­ген кі­ріс­тер­ге бір жыл тол­май зе­кет алын­байды.

 

Қо­ры­тын­ды

Сауда­гер жыл со­ңын­да қо­лын­да­ғы сауда тауар­ла­рын кө­тер­ме ба­ға­сы­на қа­рай ақ­ша­ға ба­ға­лайды. Бұ­ның үс­ті­не қо­лын­да­ғы ақ­ша­сын, чек­те­рін, ак­цияла­рын жә­не бас­қа­лар­дан ала­тын қа­рыз­да­рын қо­сып, одан өзі­нің бас­қа­ға бе­ре­тін қа­рыз­да­рын шы­ға­рып тас­тап, шық­қан мөл­шер­дің 2,5 % зе­кет ре­тін­де бе­ре­ді.

 

Жер қойнауын­да­ғы қаз­ба бай­лық­тар­дың зе­ке­ті

Ал­тын, кү­міс, мұ­най, газ, сияқ­ты бар­лық жер қаз­ба бай­лық­та­ры­нан 20 % зе­кет алы­на­ды.

 

Бау-бақ­ша жә­не егіс­тік өнім­де­рі­нің зе­ке­ті

Бау-бақ­ша жә­не егіс өнім­де­рін­де зе­кет мы­на екі жол­дың біреуі­мен алы­на­ды. Егер егіс құ­дық, су тар­та­тын ап­па­рат сияқ­ты нәр­се­лер­мен суары­лып, дә­рі-дәр­мек се­бу се­кіл­ді ең­бек жұм­са­лып, өнім алы­на­тын бол­са, өнім­нің 5% ал, егер егіс жаң­быр суы, өзен суы сияқ­ты су­лар­мен су­ға­рыл­са өнім­нің он да бі­рі яғ­ни, 10 % зе­кет ре­тін­де алы­на­ды. Егіс өнім­де­рі­нен жы­лы­на бір­не­ше рет өнім алу­ға бо­ла­тын­дық­тан, бір жыл то­лу шар­ты мен ни­сап мөл­ше­рі шар­ты қо­сыл­майды. Жер жал­ға алын­са да, ал­ған өнім­де­рі­нің зе­ке­ті бе­рі­ле­ді.

[1] Тирмизи, 11/357; Ибн-Һумам. Фатхул-Қадир, 1/526. Египет. 1316-1898.

0 пікір