Зе­кет кім­дер­ге бе­ріл­мейді?
Зе­кет кім­дер­ге бе­ріл­мейді?
9 жыл бұрын 6605
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

1. Мұ­сыл­ман емес­тер­ге.

2. Ни­сап мөл­ше­рін­де­гі бай­лық иеле­рі­не.

3. Әке-ше­ше­ге, ата-әже­ге жә­не олар­дың ата-ана­ла­ры­на зе­кет бе­ру­ге бол­майты­ны сияқ­ты, өзі­нің ба­ла­ла­ры­на, не­ме­ре­ле­рі­не, олар­дың ба­ла­ла­ры­на жә­не кейін­гі бар­лық ұр­пақ­та­ры­на зе­кет бе­ру­ге бол­майды.

Ша­фи­ғи мәз­һа­бын­да атал­мыш кі­сі­лер қа­рыз­да­нып қал­ған жағ­дайда ға­на қа­рыз­да­рын өтеу үшін бір-бір­ле­рі­не зе­кет­те­рін бе­ру­ле­рі­не бо­ла­ды. Ал қа­ры­зы жоқ­қа бе­ру­ге бол­майды.

  1. Әдет­те, ке­дей-кем­ба­ғал­дар­ды қол­дай­тын Ис­лам ша­ма­сы ке­ле тұ­ра жұ­мыс іс­те­мей, даяр­ға әдет­тен­ген ма­сыл адам­дар­ға зе­кет бе­ру­дің дұ­рыс емес­ті­гін айта­ды. Өйтке­ні, зе­кет бе­ру­де­гі мақ­сат – қо­ғам­да жа­тып ішер­лер­дің са­нын кө­бейту емес, бір жағ­дай­лар­мен ке­дей­лік­ке ұшы­ра­ған жан­дар­ды ке­дей­лік­тен құт­қа­ру.

Бә­ни Һа­шим. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) туыс­та­ры са­на­ла­тын Һа­шим ұр­пақ­та­ры. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) сый­лық­ты қа­был ал­ға­ны­мен, еш­бір са­да­қа­ны қа­был ал­май­тын[1] жә­не туыс­қан­да­ры­на да ал­дыр­май­тын.

[1]Муслим, Зекет,162-165.

0 пікір