Әлемдегі ең жүйрік құстар
Әлемдегі ең жүйрік құстар
11 ай бұрын 4103
«Олар төбелеріндегі қанаттарын бір ашып, бір жауып ұшатын құстарға қарамай ма? Оларды әуеде ұстап тұрған - мейірімді Алла. Сөзсіз, Ол (Алла) - барлық нәрсені көруші».  «Мүлік» сүресі, 19 аят.

Құстар - жер бетіндегі ең жылдам тіршілік иелері, өйткені құрлықтағы болсын, мейлі судағы болсын, жануарлар әлемінің бірде-біреуі жылдамдықта құстармен теңесе алмайды. "Қай құс ең жылдам?" деген сұраққа, олардың ұшу ерекшеліктеріне қарай бағалап, одан кейін жауап беруге болады. Себебі, кейбір құстар ең жоғары жылдамдықты төменге қарай құлдилап ұшқан кезде алады, ал кейбір құстар әдеттегідей көлденең ұшу кезінде жылдамдыққа қол жеткізеді. Төменде ең жылдам ұшатын құстардың бес түрі берілген. 

1. Лашын.

Төменге құлдилап ұшатын құстардың патшасы – лашын (сапсан) болып есептеледі. Лашын құсы - сұңқарлар тұқымдасына жатады. Лашын құсы - ұшқан құсты ауларда оның үстінен көтеріліп, қанаттарын қайырады да содан кейін жоғарыдан бас салады. Аяқтарын бүктеп, денесіне қысып, сол күйінше аяқтарымен соққы жасайды. Нақты есептеулер бойынша, өзінің жемтігіне 25° бұрышта құлағанда, ол секундына 75 метр жылдамдықпен ұшады екен, ал түзу сызыққа жақын бұрышпен құлаған кезде жылдамдығы секундына 100 метрге немесе сағатына 360 км-ге дейін артады. Лашынның жылдамдығы сағатына 440 км-ге дейін жететіндігіне дәлелдер бар, бұл кейбір ұшақтардың жылдамдығына тең. Лашын құсы олжаға бір жарым шақырымнан көз тігеді.

2. Бүркіт.

Сұңқар тектестердің ішінен бүркіт - ең жүйрігі. Төменқарай құлдилап ұшқанда бұл құстың жылдамдығы - сағатына 320 км жылдамдыққа дейін жетеді.

3. Сұр қарлығаш.

Көлденең ұшуда ең жылдам құс - тікенді құйрықты сұр қарлығаш. Ол сағатына 169 км-ге дейін жылдамдықта ұша алады. Алайда, сұр қарлығаштардың бұлай жылдам ұшулары оларды лашындарға жем болудан аман алып қалмайды. 

 4. Жағалтай (чеглок).


Көлденең ұшу жылдамдығында сұр қарлығаштармен бәсекелесе алатын құс - Жағалтай. Жағалтайлар - сұңқарлар тұқымдасына жатады. Жағалтайдың максималды жылдамдығы - сағатына 160 км.

5. Фрегат.

Көлденең ұшуға шебер құстардың арасында жылдамдығы жөнінен үшінші орынды қанағат тұтатыны, ол - фрегат. Фрегат құсы сағатына 153 км жылдамдыққа дейін ұша алады. 


Дереккөз: topmira.com/
Қазақшалаған: islam.kz
 
  

 

0 пікір