«Аса қаталдық - шәкірттерге залалды, әсіресе кішкене балаларға!»
«Аса қаталдық - шәкірттерге залалды, әсіресе кішкене балаларға!»
7 ай бұрын 1967
Ибн Халдун (алғашқы әлеуметтанушы ғалым, 1332-1406 ж.)

Аса қатал болу - шәкірттерге залалын тигізеді, әсіресе, кішкене балаларға зияны көп, өйткені шектен тыс қаталдық баланың бойында жаман мінез қалыптастырады. Қайсы шәкірт (немесе құл яки қызметші) зорлық-зомбылықпен тәрбиеленсе:

1) Ондай бала басылып, жан-жақты дамуы тежеледі.

2) Ынтасы жоғалып, жалқаулығы туады.

3) Өтірік және қулық пайда болады.

4) Ішіндегі шынайы келбетін сыртқа басқаша бейнеде көрсетуге дағдыланады (екі жүзділік пайда болады), өйткені ол зорлық пен қаталдық қолынан қорқады.

5) Аса қаталдық оны айлакер, қу болуға үйретеді, сосын уақыт өте келе ол нәрсе (айлакерлік) оның қанына сіңеді, сөйтеді де бара-бара әдетке, кейін мінезге айналады.

6) Қаталдық шәкірттегі қоғам мен өмірлік тәжірибеден қалыптасатын адами қасиеттерін бұзады, атап айтсақ: өзін және отбасын қорғап-қорғаштау деген сияқты қасиеттер. Осылайша аталмыш мәселеде басқаларға жүк болады.

7) Ондай бала құндылықтарды және көркем мінезділікті бойына жинауға құштар болмайды. Адам болуға жетелейтін қасиеттерге қол жеткізуге ұмтылмайды. Кейін қарай кетіп, төменге қарай түседі.

Тура осылай өзгелердің құрығы мен қысымының астында қалып, біреулердің өктемділігіне душар болған халық та осыған ұқсас жағдайға тап болады. Өйткені, өмірде билігі өзгенің қолында болған халықтың жәй-күйі бұған мысал. Ондайлар өздерін билеп-төстеуден, өзі би, өзі қожа болу ерекшелігінен жұрдай болады. 

Яһудилерге қарашы! Яһудилердің бойында зорлық-зомбылықтан және қысымнан қалыптасқан нашар мінез бар. Әлемнің қай бұрышында болсын, қай ғасырда болсын яһудилер арам ойлы және қу ретінде танылған. Оның себебі жаңа айтқанымыздай (көп қысымға ұшырағандықтарынан сондай болып отыр).

Сондықтан да, мұғалім шәкіртін және әке баласын тәрбиелейтін кезде озбырлыққа бармаулары тиіс. Мұхаммед ибн Әбу Зәйд (м. 922-996 ж.) өзінің мұғалімдер мен шәкірттерге арнап жазған еңбегінде былай деп өтеді: «Балаларды тәрбиелеуші кісі (ұрмауы керек), ұруға мәжбүр болса үш рет осып жіберуден асырмауы тиіс» деген. Және Әзіреті Омардың мынадай сөзі бар: «Шариғат тәрбиелемегенді Алла тәрбиелемейді» дейді сахаба. Әзіреті Омар осылай дей келе, адамды қатал тәрбиенің қорлығынан қорғауды көздеген...(1).


 1) Ибн Халдун: "Мұқаддима". 42-ші бөлім. Араб тілінде.

А. Қасым

 

0 пікір