"Біз темірді түсірдік!": Темір (металл) аспаннан түскен. Бұл Құранда ашық айтылған.
"Біз темірді түсірдік!": Темір (металл) аспаннан түскен. Бұл Құранда ашық айтылған.
2 жыл бұрын 9131
Дайындаған Абдусамат Қасым

وَأَنزَلْنَا الْحَدِيدَ فِيهِ بَأْسٌ شَدِيدٌ وَمَنَافِعُ لِلنَّاسِ

«Біз темірді түсірдік, онда алпауыт күш және адамдар үшін көп пайда бар...». (Құран, «Хадид» сүресі, 25 аят). 

Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Біздің заманымызданбұрын 1-мың жылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Әлікүнге дейін темір металы өз маңыздылығын жолғалтпай келеді, тіпті технологияның шарықтап дамыған қазіргі шақтың өзінде темірсіз іс бітпейтіні баршаға аян. Ал енді осы темірдің қайдан пайда болғаны жөнінде бір ойлап көрдіңіздер бе?  

Бұл сұраққа қасиетті кітабымыз Құран Кәрім жауап береді. Ол темірдің жоғарыдан түскенін айтады. Бұл шындық Құранның «Хадид» сүресінде айтылған. Аятта: «Біз темірді түсірдік» (َأَنزَلْنَا ) деп, темірдің жерге жоғарыдан түскендігін тайға таңба басқандай анық білдіруде.

Бұған қатысты ғылым не дейді?

Қазіргі ғылым, расында да темір металының бірнеше миллион жыл бұрын, жерге метеориттер арқылы келгендігін растап отыр. Яғни темірлер Құранда айтылғандай жерге жоғарыдан түскен. Оны Жаратушы Құдай Тағала түсірген.

«Бристоль» университеті (Ұлыбритания) мамандарының Жердің ең көне тау жыныстарының бірнеше үлгілеріне аса дәлдікпен жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде: Жер қойнауындағы бағалы металдардың жерге жаңбырша жауған «метеоридтермен» бірге келгендігі анықталған. Бұндай құбылыс жер шары пайда болғанынан, шамамен 200 миллион жыл өтіп барып орын алған деседі. Жердің ең жоғары температурада пайда болуы кезінде балқытылған темір, планетаның ортасына шөгіп, (никельмен бірге) жер ядросының негізін құраған. Темірмен бірге жердің түбіне, «сидерофиль» деп аталатын (яғни темірге ең көп жақындығы бар) элементтер де шөгеді. Олардың ішінде алтын, платина, палладий, осмий, иридий, рутений бар.

Бристоль университеті зерттеуші мамандарының бірі геолог Маттиас Уилболд зерттеулерін былай деп қорытындылайды:

«Біздің жұмысымыз - өркениеттің экономикасында және өнеркәсіптік процестерінде шешуші рөл атқарған, әрі атқарып келе жатқан бағалы металдардың басым көпшілігінің біздің планетамызға шамамен 20 миллион тонна астероидтардың соқтығысуымен (немесе жауындай жауып, құлауымен) кездейсоқ келгенін көрсетеді»[1].

Өздеріңіз де түсініп отырғандай, қазіргі ғылым саласының енді анықтаған бұндай бір шындықты Жаратушы Алла Тағала қасиетті кітабында, яғни, Құран Кәрімде, осыдан 14 ғасыр бұрын пенделеріне білдірген екен.

Осы тұрғыда, бұл құбылысты геолог Маттиас Уилборд «кездейсоқ» деп бағаласа да, Құдай Тағала «темірдің түсу құбылысын» кездейсоқтық емес, керісінше адамдардың пайдасына ассын деген мақсатта арнайы түсіргендігін ашық білдірген. Расында да, ойлап қарасақ, темірдің адамзатқа тигізіп жатқан пайдасына қарап, мұндай таңғажайып құбылыстың жер шарында орын алуында белгілі мақсат көзделгендігін ұғынуға болады. Барлық мақтау - бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаға тән!


[1] Gazeta ru

 
0 пікір