Жеті жерде намаз оқылмайды
Жеті жерде намаз оқылмайды
1 жыл бұрын 8725

Хадис кітаптарында орын алған хадисте сахаба Абдулла ибн Омар (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.у.) мынадай риуаят жеткізген:

 عَنْ ابْنِ عُمَرَ رضي الله عنهما (أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ نَهَى أَنْ يُصَلَّى فِي سَبْعَةِ مَوَاطِنَ : فِي الْمَزْبَلَةِ ، وَالْمَجْزَرَةِ ، وَالْمَقْبَرَةِ ، وَقَارِعَةِ الطَّرِيقِ ، وَفِي الْحَمَّامِ ، وَفِي مَعَاطِنِ الْإِبِلِ ، وَفَوْقَ ظَهْرِ بَيْتِ اللَّهِ

«Шынында Алла елшісі (с.а.у.) жеті жерде намаз оқудан тыйды, (олар):

1) Қи, тезек жиналған жерде. (Сондай-ақ, қоқыс жиналған жерлерде де намаз оқылмайды).

2) Қасапханада.

3) Қабірстанда (кейбір ғалымдар егер арнайы намаз оқитын жер бар болса және ішінде қабір болмаса, қабірстанда намаз оқудың мәкруһтігі жоқ деген)[1].

4) Жолдың үстінде (адамдар, көліктер жүретін жолдың үстінде оқып, өзгелерге кедергі жасамау керек).

5) Моншада.

6) Түйелердің шөгіп жатқан жерлерде.

7) Қағба тастың үстінде[2].

Аталмыш жерлерде намаз оқу «мәкруһ» үкімін алады. Бұған қосымша мына жерлерде де намаз оқылмайды, мәкруһ болады:

1) Әжетханада. (Сондай-ақ, ғұсылхана мен душта намаз оқу мәкрух). 

2) Рұқсатсыз өзгенің жерінде.

3) Нәжістің қасында[3].


[1] Имам Шүрунбүләли: «Имдәд». 364 бет.
[2] Ибн Мәжә: «Сүнән», 746 хадис; Имам Тирмизи: «Сүнән», №346 бет.
[3] Имам Шүрунбүләли: «Имдәд». 364 бет.

0 пікір