Медицина мұсылман әйелдер киімінің дұрыстығын құптайды
Медицина мұсылман әйелдер киімінің дұрыстығын құптайды
8 жыл бұрын 48875

Жаз маусымы басталысымен әйелдер қауымы киімдерін тұтастай өзгертіп, жеңілге көшті. Көшеде шариғат талаптарын орындап жүрген мүмін әйелдерді көріп: "Бұл сияқты қалай киінуге болады? Саған ыстық емес пе?",-деп таңданыстарын жасыра алмайды. Алайда қазіргі медицина дәл осындай ыстық күндерде жабық киімнің дұрыстығын құптап отыр.

 Дәрігер-диетолог Надежда Мельничук барша әйелдерге мұсылман әйелдерден үлгі алуды насихаттайды.

-Ыстық күндері шешінуді ойламаңыздар. Бүкіл денесін жауып жүретін Араб Әмірлігінің тұрғындарынан ғибрат алыңыздар,-дейді ол. -Оның үстіне ыстық күнде басты бір нәрсемен жауып жүру керек, мәселен, қалпақ, орамал, кепка, панама т.б. Егер басқа ыстық өтсе, онда күшті күн сәулесін алады. Қауіпті күн сәулесінен тек басты ғана емес, шашты да жауып жүру талап етіледі, себебі, күннің ыстығы мен сәулесі олар үшін қауіпті әрі зиянды. 

"Жоғары температураның әсерінен шаш айтарлықтай құрғақ болып, тез ылғалдылығын жоғалтады. Ультракүлгін сәуле шаштың жоғарғы қабаты-кутикуланы бұзады.  Зақымдалған кутикула толық қорғаныш қызметін атқара аламайды, шаш қатаң болып, серпінділігін жоғалтып, ұштала түседі. Ультракүлгін сәуленің әсерінен шашты бояғыш пигменттер жойылады,  шаш түсі ағарып, тіпті кейде күйіп кетеді", - дейді "Грин Мама" компаниясының сарапшы-косметологтары.

Дәрігерлер зиянды күн сәулесінен теріні жабатын табиғи маталардан киім таңдауға кеңес береді және олар денеге кез-келген ауа ағынын өткізіп, салқындатуға мүмкіндік береді. Керісінше, жабысқан киім, денені қыздырады. "Күн астында ашық-шашық жүру көпшіліктің пікірінше, гипертермияны туғызады. Ыстықта дене тез терлейді, тер теріні салқындатады, ал тер тікелей күн сәулелерінің әсерінен  буланғанда, дене қыза бастайды.  Киім  сондай-ақ, тері булануын болдырмайды, осылайша денені салқындатады" - дейді "Өмір сүру құпиялары" деректі фильмінің авторлары: 

- Ыстық күннің қауіптілігі сол, барлық дерлік ферменттік жүйелер 37 градус айналасында тербелетін тұрақсыз бір нүктенің бойында орналасқан, -дейді дәрігер - трансфузиолог Андрей Звонков. - Температураның көтерілуі денсаулыққа ең жағымсыз әсерін тигізетін барлық биохимиялық үдерістерді бірден іске қосады. Егер қызу тым күшті болса, жасушалардағы үдерістер тоқтатылады әрі ағза жай ғана өмір сүруін тоқтатады. Күннің қызуы қанның тұтқырлығын жоғарлатады. Ағза 37 градустан  төмен температураны ұстап тұруға ұмтылады, сондықтан белсенді терлей бастайды. Көп су жоғалтады, қан қоюлана береді, тромбоз қаупі бар. Бұл әсіресе,  созылмалы қабыну аурулары бар адамдар  мен көп отырып, аз қозғалатын, яғни, көп отыратын өмір салтын ұстанатын кеңсе қызметкерлері үшін  қатерлі болып табылады. Оның үстіне  күн сәулесі мезгілінен бұрын терінің қартаюына алып келеді.

- Тері эластин мен коллагеннің салдарынан серпінділігін сақтайды. Қалыпты жағдайда коллаген ерекше ферменттерді түзеді, ал күнге күю кезінде ол жойыла бастайды,-дейді "Денсаулық" бағдарламасының жүргізушісі Елена Малышева.

Сондай-ақ тері қабаттарының құрғауы әжімдердің пайда болуын жылдамдатады. Тері ылғалдылығын жоғалта бастаған сәтте-ақ әжімдер де анық көрініп,  көп байқалады. Сондықтан мұсылман әйелдер  кеңдеу киімнің  астында өзінің денесін жасыру нәтижесінде  медицина тұрғысынан өте дұрыс әрекет етеді, осылайша олар ұзақ уақыт бойы өздерінің  жастығы мен сұлулығын сақтап қалады.

Дереккөз: Islam-Today

Аударған: М. Бақдәулетқызы

 

0 пікір