Нобель сыйлығын алған мұсылман ғалымдар
Нобель сыйлығын алған мұсылман ғалымдар
5 ай бұрын 4866

1). АХМЕД ХАСАН ЗЕВАЙЛ (Араб.: أحمد حسن زويل‎, ағылшын: Ahmed H. Zewail, суретте солдан оңға қарай бірінші тұр).  Мысырлық-американдық химик, 1999 жылы химия бойынша Нобель сыйлығының иегері. Одан басқа да көптеген марапаттардың иегері. Туылған жылы мен қайтыс болған жылдары: 26 ақпан 1946 ж., Египет Корольдігі - 2 тамыз 2016 ж., АҚШ.

Ахмед Зевайл:

  • АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1989 ж.),
  • Папа ғылым академиясының мүшесі (1999 ж.),
  • Дания корольдігінің ғылым академиясының мүшесі (2000 ж.),
  • Лондон корольдік қоғамының шетелдік мүшесі(2001 ж.),
  • Швеция корольдігінің ғылым академиясының мүшесі(2003 ж.),
  • Ресей ғылым академиясының мүшесі (2003 ж.),
  • Франция ғылым академиясының мүшесі(2005 ж.
  • Қытай ғылым академиясының мүшесі (2009 ж.). 

Ахмед Зевайл Египет республикасында, Александриядан 60 шақырым қашықтықта орналасқан «Даманхурда» қаласында мемлекеттік қызметкердің отбасында дүниеге келген. Ахмед бала кезінен мешітке жиі баратын1.

2ّ). МҰХАММАД АБДУС-САЛАМ (пандж және үрду тілі محمد عبد السلام, ағылшын Mohammad Abdus Salam; суретте солдан оңға қарай екінші ретте тұр). Пәкістандық және британдық физик-теоретик, 1979 жылы Нобель сыйлығының иегері болды. 1968 жылы «Бейбіт атом» сыйлығының лауреаты. Жаратылыстану ғылымдары бойынша Нобель сыйлығын алған алғашқы мұсылман және кез-келген салада екінші лаурет. Туылған жылы мен қайтыс болған жылы: 29 қаңтар 1926 жыл Джанг, Британдық Үндістан (қазіргі Пәкістан) — 21 қараша 1996 ж., Оксфорд, Ұлыбритания.

Мұхаммед Абдус-Салам:

  • Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1959 ж.),
  • КСРО Ғылым академиясының мүшесі (1971 ж.),
  • АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1979ж.)
  •  Америка философиялық қоғамының (1992) шетелдік мүшесі2

Триест (Италия) қаласындағы халықаралық теориялық физика орталығына ғалымның аты берілген. 

3). АЗИЗ САНЖАР (түрік Азиз Санжар, суретте солдан оңға қарай үшінші). 1946 жылы 8 қыркүйекте Түркия мемлекетінің Мардин қаласында дүниеге келген. Түрік және американдық биохимик. 2015 жылы ол химия бойынша «ДНҚ жөндеу механизмдерін зерттегені үшін» деген атаумен Нобель сыйлығын алды, Нобель сыйлын Ол Томас Линдаль және Пол Модричпен бірге бөлісті. Азиз Санжар - АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (2005 ж.)3. 2023 жылы Нобель лауреатының туып-өскен қаласы - Мардин қаласының әуежайына оның есімі берілді. 

4). НАГИБ (НАЖИБ) МАХФУЗ (араб. نجيب محفوظ; солдан оңға қарай төртінші).  — мысырлық жазушы, романист, драматург және сценарист. 1988 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері. Көптеген әдеби шығармалардың авторы. Туылған жылы мен қайтыс болған жылы: 11 желтоқсан 1911 жыл – 30 тамыз 2006 жыл.

5). МУНГИ (МУНЖИ) ГАБРИЭЛЬ БАВЕНДИ (араб. منجي الباوندي; француз. Moungi Gabriel Bawendi; солдан оңға қарай бесінші). 1961 жылы 15 наурызда Париж қаласында дүниеге келген. Француз және тунистік американ химигі. 2023 жылында Химия бойынша Нобель сыйлығының иегері. Мунги Бавенди 1961 жылы Париж қаласында математиктердің отбасында дүниеге келді. Әкесі Мұхаммед Салих Бавенди математика саласының маманы, Тунис елінің тумасы. Анасы - Хален Бавенди француз. Қарындасының есімі - Мариям Бавенди. 

6). АБДУЛЬРАЗАҚ ГУРНА (суахили және ағылшын: Abdulrazak Gurnah, араб. عبد الرزاق گرناہ; солдан оңға қарай алтыншы). 1948 жылы Занзибар аралында дүниеге келген. Ағылшын тілінде жазатын танзаниялық жазушы. Ұлыбританияда тұрады. 2021 жылы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері. А. Гурна 1948 жылы Занзибар аралында тегі араб мұсылман отбасында дүниеге келеді. 1968 Занзибарда белең алған антиарабизмдік көңіл-күйге байланысты Ұлыбританияға көшеді. Оқуын сонда жалғастырады. 

Абдуразақ көптеген әдеби шығармалардың авторы. Оның «Жұмақ» атты шығармасы «Букер» және «Уитприд» сыйлықтарының қысқа тізіміне енген (1994 ж.), ал «Дезертирство» (2005) және «Теңізде» (2001) атты романдары «Букер» сыйлығының ұзақ тізіміне және Los Angeles Times кітап сыйлығының қысқа тізіміне енген. 


1 Наука в мусульманском мире: интервью с лауреатом Нобелевской премии Ахмедом Зеваилем | Qumuq görüş. Дата обращения: 12 мая 2016. Архивировано 6 августа 2016 года.
2APS Member History
3 Aziz Sancar Архивная копия от 2 августа 2019 на Wayback Machine  (англ.)

 A. Kasim

 

0 пікір