"Қайғыдан екі көзі ағарды...": Құран көрмей қалудың бір себебі "қайғы" дейді.
"Қайғыдан екі көзі ағарды...": Құран көрмей қалудың бір себебі "қайғы" дейді.
2 жыл бұрын 5608
Дайындаған Абдусамат Қасым

 

وَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَا أَسَفَىٰ عَلَىٰ يُوسُفَ وَابْيَضَّتْ عَيْنَاهُ مِنَ الْحُزْنِ فَهُوَ كَظِيمٌ﴾ [ سورة يوسف: 84]

«Ол (Яғқұп Ғ.С.) оларға теріс қарап: “Әй, есіл Юсуфым-ай!"- деп, іштей тынып, күйініштен екі көзі ағарды». («Юсуф» сүресі, 84 аят).

Әзіреті Яғқұп пайғамбардың үлкен балалары кішкене баласы Юсуфты қасқыр жеп кетті деп айтқан кезде қатты қайғыланып, соның нәтижесінде көзіне ақ түсіп, екі көзі көрмей қалады, бірақ қайғысын сыртқа шығармай іштей тынады.

Аталмыш қасиетті Құран аятында екі көзінің көрмей қалуының бірден-бір себебі «күйініш» екенін білдіруде. Мұны қазіргі ғылым да растап отыр.

Әсілінде, Құранда айтылып тұрған «көздің ағару» құбылысы - ғылымдағы «глаукома» сырқатын білдіреді (глаукома - грек тілінен аударғанда «көздің көк түспен бұлыңғырлануы» дегенді білдіреді). Көздегі «нұрлы қабықтың» өзі - мөлдір, түсі жоқ. Қашан көзі көк түстене бастаса, көздері ісіп, бұлыңғырлана бастайды да, ақырында сырқаты ілгерілеп, белгілі кезеңге жеткенде көзінде ақ бұлтқа ұқсап, ақтар пайда бола бастайды. Осындай сырқатқа тап болған кісіні арабтар «көзінде ақ бар» деп айтатын (қазақта да «көзіне ақ түсті» дейді). Араб тілінде түскен Құранның жоғарыда аталып өткен аятында «екі көзі ағарды» деуінің негізгі мәні сол. Мұндай көз сырқатын медицина ғылымында «лейкома» немесе «глаукама» деп атайды. 

Көздегі «глаукама» сырқатын не тудырады? Ғылым не дейді?

Қазіргі ғылымның айтысына қарағанда глаукама сырқатын, яғни, көздің нұрлы қабығының көк түстенуінің бірден-бір себебі - психологиялық күйзеліс екенін баса айтқан, әсіресе қатты күйіну «глаукама» сырқатын тууының ең маңызды себептерінің бірі екен, әрідесе, көздегі қан қысымын арттыратын да сол1. Ал бұның олай екенін қасиетті кітабымыз Құран Кәрім 14 ғасыр бұрын ашық айтып кеткен. Садақаллаһуль-Азыйм! Ұлы Алла рас айтты!

"Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас" (Абай Құнанбайұлы).  


1  Доктор Абдульмәжид Диәб, Доктор Ахмед Қорқұз: «Мәъат Тыйбб филь Құраниль Кәрим». Дамаск-Сирия. 1986 ж.

0 пікір