Қиямет күні ағзаларымызға тіл бітіп, не істегенімізді айтып береді. Бұны қазіргі ғылым да құптап отыр.
Қиямет күні ағзаларымызға тіл бітіп, не істегенімізді айтып береді. Бұны қазіргі ғылым да құптап отыр.
11 ай бұрын 7381

Қасиеті Құран кітапта баян етілгендей, қиямет күні есеп-қисап берерде ешкім жалтарып, істеген күнәларынан құтылып кете алмайды екен, өйткені кісі күнәларын мойындамаған кезде оның ағзалары не істегенін тәптіштеп айтып береді. Бұл жайында Құран Кәрімде былай айтылады:

«يَوْمَ تَشْهَدُ عَلَيْهِمْ أَلْسِنَتُهُمْ وَأَيْدِيهِمْ وَأَرْجُلُهُم بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ»

«Ол күні (қиямет күні) олардың тілдері, қолдары және аяқтары не істегендерін айтып, оларға қарсы айғақ болады»1.

Жансыз ағзалар қалай біздің істеген істерімізге айғақшы болмақшы? Олардың есте сақтау қабілеті жоқ емес пе? Қолымыз бен аяғымыз құр ғана ет пен сүйектен тұрады. Онда ми жоқ. Ендеше қалай біздің істеген істеріміздің бәрін мыңдаған жыл бойы жадында сақтамақ? Бұл сұрақтарға қазіргі ғылымда жауап табылып отыр.

Қазіргі таңдағы ғалымдар адамның әрбір жасушасы кез-келген ақпаратты сақтауға қолайлы екендігін дәлелдеп отыр. Ғалымдар адамның ДНК бактериясына ақпарат енгізіп, осылайша мәліметтің мыңдаған жылдар бойы сақталуын қамтамасыз етуге болатындығын дәлелдеген. Бұл жаңа әдістің көмегімен мамандар кез келген мәліметті адамның клеткасында, тіпті судың молекуласында да сақтай алады. Бұл дегеніміз, кез келген организмде кез келген ақпаратты сақтап қоюға болады деген сөз. Ендеше, жоғарыдағы қасиетті аяттағы баяндалған адамның ағзаларының айғақ болу құбылысының бір мәні, ағзалардағы әрбір жазушада сақталған ақпараттар қиямет күні жарыққа шығып, кісінің істегені әшкере болады дегенді білдіреді.

Бұл жаңалық өз кезегінде қиямет күнін жоққа шығарушылар мен есеп-қисап күні адамның дене мүшелерінің сөйлейтіндігіне күмәнмен қарайтындарға жауап болып отыр. Құранда Алла Тағала айтқандай:

أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْآنَ ۚ وَلَوْ كَانَ مِنْ عِندِ غَيْرِ اللَّهِ لَوَجَدُوا فِيهِ اخْتِلَافًا كَثِيرًا

«Олар Құранға ақыл жүгіртіп қарамай ма?! Егер Құран Алладан басқа біреуден болғанда, онда көптеген қарама-қайшылықтар табар еді»2.


1 «Нұр» сүресі, 24 аят.
2 «Ниса» сүресі, 82 аят.

А. Қасым 

0 пікір