Құмырсқалар жайында қызықты жайттар
Құмырсқалар жайында қызықты жайттар
2 жыл бұрын 5915
«(Сүлеймен пайғамбар және әскерлері) Құмырсқаның ойпатына келген сәтте аналық құмырсқа: "Әй құмырсқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен және оның әскерлері сендерді білмей жаншып кетпесін!" деді». (Құран, «Нәмл» сүресі, 18 аят).

Ғылым дамыған сайын жаратылыстардың ғажайып тұстары ашылып, адам баласына бұрын белгісіз болған табиғаттың көптеген таңқаларлық дүниелері бүгінде белгілі болып жатыр. Айнала табиғаттағы әрбір жаратылған заттың өзіне тән қызыққа толы тұсы баршылық. Бір қараған адамға қарапайым жәндік боп саналатын құмырсқа екеш құмырсқаның өзінде бір кітапқа сыятын мәліметтер баршылық.

Бүгінгі жазбамызда құмырсқалар әлеміне қысқа бір саяхат жасап, еңбекқор жәндіктің кейбір қызықты жайттарымен таныса кетсек деген ойымыз бар. 

1. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым «мирмекология» деп аталады. Құмырсақаларды зерттеген алғашқы ғалымдардың бірі Эрих Васманн. 

2. Жер бетінде құмырсқаның 12 мың түрі өмір сүреді. Ал жер шарындағы барлық құмырсқа атаулының саны шамамен, 10 мың триллионға жетіп асады. 

3. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады.  

4. Құмырсқаның ең кішкентайы2 мм, ал ең үлкені – (алып құмырсқаның аналығы) 5 см болады. 

5. Келген жолын есте сақтайды. Құмырсақалар зерек боп келеді. Олар ненің қайда орналасқанын анық біледі. Жолындағы бағдарлар мен белгілерді есте сақтап, шиылысқан жол торабында жүріп асын оңай табады, оны ең қысқа жолмен ұясына жеткізеді. 

6. Аналық құмырсқа 20 жылға дейін өмір сүреді. Өзінің осыншалықты өмірінде 500 мың ұрпақ дүниеге әкеледі екен. Жұмысшы құмырсқалар 1-3 жыл ғана өмір сүреді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі. 

7. Құмырсқалардың балалары ұйқыдан оянғанда аяқтарын созып, бейнебір есінегендей ауыздарын ашады екен. 

6. Құмырсқалар әлемінде "құлиеленушілік" бар. Құлиеленуші құмырсқалар тобы көршілес құмырсқа илеуіне шабуыл жасап, құмырсқаның дернәсілдерін (куколка) ұрлап, ұяларына алып келеді. Ұрлап әкелінген дернәсілдерден құлдар тәрбиелеп, оларды әртүрлі жұмыстарда қолданады, айталық: азық жинау, "тли" мен "цикада" колониясын қорғау, қожайынының дернәсілдеріне қарау т.б. 

7. Кейінгі ұрпақты тәрбиелейді. Құмырсқалардың өмірінде кездесетін қызықты дәйектердің бірі - кейінгі ұрпақты тіршілікке баулу факті. Алдыңғы буын құмырсқа тобы, өздерінен кейінгі шәкірттеріне "тли" жәндігінен қалай шырын алудың жолдарын үйретеді. Сондай-ақ, ересек құмырсқалар кейінгілермен өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөліседі. Мысалы, жауынгер құмырсқалар кейінгі ұрпаққа аңшылықтың сырын үйретіп, оларға қалай шабуылдауды, қалай тістеуді, қалай өлтіруді үйретеді екен. 

8. Құмырсқалардың еліктеу ерекшеліктері бар. Құмырсқалардың есте сақтау қабілеттерімен қоса, өздерінен үлкен құмырсқаларға еліктеу, олардың іс-әрекеттерін көшіру ерекшеліктерінің де бары анықталған. Бір құмырсқа тобы, екінші бауырлас құмырсқа тобының іс-қимылдарын есте сақтап, оларды өздері қайталайды.  

9. Бала күтуші құмырсқалар тобының болуы. Аналық құмырсқа жұмыртқасын салғаннан кейін, жұмысшы құмырсқалардың арасынан (немесе құл құмырсқалардың арасынан) белгілі бір құмырсқа түрі дараланып, дүниеге келген дернәсілді бағып-қағумен ғана айналысатын болады. Мирмеколог мамандар мұндай құмырсқа тобын «бала күтуші құмырсқалар» деп атайды (муравьи-нәньки)1

10. Барлаушы құмырсқалар. Құмырсқалар бір-бірімен сөйлесіп, ақпаратпен бөліседі. Барлаушы құмырсқалар әлдебір олжаға тап болған сәтте, ұяларына қайтып, кездестірген олжаның мекен-жайын әскери құмырсқа тобына білдіреді де, өздері басқа олжаны іздестіруге қайта аттанады. 

11. Құмырсқалар өздерінен 100 есе ауыр затты көтере алады. Құмырсқаның қай түрі болмасын, күшті болып келеді. Олар өздерінен жүз есе ауыр затты көтере алатын қабілетте. Ешқандай жандыда мұндай ерекшелік кездеспеген. 

12. Мал шаруашылығымен айналысатын фермер құмырсқалар. Құмырсқалардың мал шаруашылығымен айналысатындығын білетін бе едіңіз? Алып "құмырсқа отарын" азықпен қамтамасыз етіп тұру үшін, отбасына сенімді азық-түлік базасы қажет. Сол үшін кейбір құмырсқа түрлері мал шаруашылығымен айналысады. Олар «тли» жәндігін өсіреді. Оларды мирмеколог мамандар «құмырсқалардың сиыры» деп атайды. Фермер құмырсқалар оларды бағып, оларды қорғайды. Тли жәндіктері болса, өз кезегінде құмырсқаларға құнарлы шырынын береді.  

13. Ең үлкен илеудің биіктігі 2,5 метрге жеткен. Құмырсқаның барлық түрлері құрылыспен айналысатындығы белгілі. Бірақ ең үлкен илеуді сары орман құмырсқалар тобы тұрғызғандығы тіркелген. 2015 жылы сібірде биіктігі екі жарым метр болатын илеу табылған. 

14. Құмырсқалардың екі асқазаны бар. Бірі – әдеттегідей ішкен асын қорытып, бойға сіңдіру үшін қолданылады. Екіншісін – жеген асының кейбір бөлігін сақтау үшін кішкене қойма іспетті қолданады екен. Олар онда тамақты жинап, кейін қажет кезде басқа бауырластарымен бөліседі2.  

15. Кейбір құмырсқалардың илеуінің көлемі адам сенгісіз ауқымда болады. Кейбір илеудің ауқымы бірнеше мың шақырымға дейін жететін ұқсайды. Мәселен, Жапон жеріндегі Хоккайдо жағалауының батыс жағында орналасқан бір құмырсқа отарының илеуінің көлемі 2,7 км² болып, 45 мың илеуден тұрған. Ішінде 306 миллион жұмысшы, 1 миллион аналық құмырсқа анықталған3.  

Бұл жәндіктің ерекшеліктері мұнда айтылғандармен шектелмейтіні анық, бұдан да басқа өзгешеліктерге тола өзіндік бір әлем. 


 Пайдаланған дереккөздер: 
1Б.А. Королева: «Чем похожи Человек и Муравей на примере процесса выведения Потомства».
2Antplanet ru
3ru.frwiki wiki

Дайындаған Абдусамат Қасым

0 пікір