Құранда еттен бұрын жеміс-жидек тілге алынған. Оның себебі неде?
Құранда еттен бұрын жеміс-жидек тілге алынған. Оның себебі неде?
13 күн бұрын 2362
Абдусамат Қасым

Қасиетті Құран Кәрімнің «Уақиға» сүресінде Алла Тағала (жәллә жәләлуһу) жеміс-жидекті еттен бұрын тілге алған:

 وَفَاكِهَةٍ مِّمَّا يَتَخَيَّرُونَ وَلَحْمِ طَيْرٍ مِّمَّا يَشْتَهُونَ

 «(Пейіште) олардың қалаған жемістерін (береді) және көңілдері соққан құс етін де». («Уақиға» сүресі, 21-22).

Осы аятта алдымен жеміс берілетіндігі және артынша ет берілетіндігі айтылып тұр. Бұнымен қатар, «Тур» сүресінде де Алла Тағала жеміс-жидекті еттен бұрын айтқан: 

«Біз оларға қалаған жеміс пен еттен мол қылып береміз». («Тур» сүресі, 22 аят).

 

Пайғамбарымыз да (с.а.у.) ауызашарда алдымен құрма жеуді кеңес еткендігі белгілі. Ол (с.а.у.) былай деген: «Кім ауыз ашатын болса, құрмамен ашсын, шынында ол береке».

Ендеше, Құранда тамақ пен жеміс қатар келгенде, жемісті алдымен тілге алуының сырын қарастырып көрелік.

Астан бұрын жеміс жеудің денсаулыққа тигізер пайдасы зор екен. Өйткені, жеміс-жидектерде оңай қорытылатын және тез сіңетін қанттың жеңіл түрі бар. Аш қарынға жеген жағдайда ішектер бірер минуттық қысқа уақыт ішінде жемістегі қантты сіңіріп, дене су нәріне қанық болады. Осылайша, аштықтан пайда болар кері әсерлер тез қалпына келіп, ағзадағы қанттың кему деңгейі азаяды.

Ал бірден асқазанды әртүрлі ауыр тамақпен толтырып тастасақ, ондағы қант бөлігін ішектің сіңіруі үшін екі-үш сағаттай уақыт керек болады екен және аштықтан туындаған кері әсерлерінен дененің қайта қалпына келуі үшін ұзақ уақыт керек болады.

Расында жеміс-жидектердің беретін "жеңіл қант" түрлерінің жеңіл қорытып, тез сіңетін ерекшелігімен қоса, денедегі әртүрлі клеткалардың негізгі қуат күші де болып табылады. Осы жеміс-жидектерден бөлінер жеңіл, қарапайым қант түрлерінен қуат алатын жасушалардың ішінде ішектің қабырғаларының жасушалары мен ішек бүршіктерінің клеткалары бар, бұл жасушаларға жеміс-жидектен бөлінген жеңіл қант жеткен кезде, тез арада жанданып, өзінің қызметін толық атқаруға дайын болады да, артынан желінген тамақты тез әлі жеңіл сіңіріп, қорытады.

Ендеше, тамақтан бұрын алдымен жеміс-жидек жеп, одан кейін тамақ жеудің пайдасы орасаң зор екен1. Сондықтан да, болар, Алла Тағала Құран Кәрімдегі қасиетті аяттарында үнемі еттен бұрын жеміс-жидекті бірінші тілге алған. Әрине, ақыл иелері үшін мұнда ғибрат бар.

Уа ахиру даъуанә әнил хамду лилләһи Раббиль аләмин! 


«Құрандағы медицина» атты кітаптан аударылды. Араб тілінде.

0 пікір