Атақты "Мәжмәъуль Әнһур" атты фиқһ кітабының авторы Дамад Эфендінің үйлену оқиғасы
Атақты "Мәжмәъуль Әнһур" атты фиқһ кітабының авторы Дамад Эфендінің үйлену оқиғасы
14 күн бұрын 1082

Хазреті Абуррахман бин Мұхаммед, Османлы мемлекетінің шәйхул исламының куйеу баласы болатын. «Мәжма-ул-әнхур» атты кітабы, «дамат» яғни «күйеу бала» деген атпен

мәшһүр болған. 1668 жылы қайтыс болған. Күйеу бала аталуының оқиғасы былай болған: Абуррахман бин Мұхаммед хазреттерінің әке шешесі ерте қайтыс болады, қала сыртындағы екі бөлмелі ескі уйде жалғыз тұратын. Медреседе оқып жүрген жылы қыс айы, қатты боран соғып тұрған түні шамның жарығымен үйінде сабақ оқып отырған болатын. Түннің жарымында есік қағылады. Бисмиләһ айтып есікті ашқанында, есік алдында жас қыздың тұрғанын көреді. Әлгі қыз:

- Үйде кенеттен өрт шығып далаға қашқан болатынбыз. Туысымыздың үйіне келе жатып, мына боранды түнде жолымнан адасып қалдым. Шамның жарығын байқап көмек сұрауды ұйғардым. Қатты тоңып қалдым. Боран басылғанша жылынып отырсам бола ма? - дейді. Жас Абдуррахман «Иә, әрине» деп оны ішке алады.

Жанындағы бөлмеге жайғастырып өзі орнына отырып сабақ оқуын жалғастырды. Қонақ қыз арадан шамалы уақыт өтіп бойы жылынған соң, бұл жігіттің жалғыз тұратынын ойлап уайымдай бастады. Боран да басылар еместін. Есікетің саңылауынан ақырын қарағанында әлгі жігіттің сабақ оқып отырып аңда-саңда қолын шамның отына қойып күйген кезінде тартып алып отырғанын байқады. Бұл жағдай таңға дейін осылай жалғасты.

Таң атқанда дауыл да басылып қыз үйіне кетті. Үйіндегілер зәресі ұшып уайымдап отырған екен. Әкесі:

- Қызым түні бойы сені іздемеген жеріміз қалмады, қайда болдың? - дейді. Қызы адасып кеткендігін бір үйдің жарығын көріп сонда жалғыз тұратын бір жігіттің үйінде болғандығын айтады.

Әкесі ашуланып:

- Қызым жалғыз тұратын еркектің үйінде қалай қалдың? - дегенінде қызы:

- Әкешім, қорықпаңыз, ол менің жүзіме де қараған жоқ, мені басқа бөлмеге жайғастырып, өзі таңға дейін сабағын оқыды, есік саңылауынан қарағанымда аңда-саңда қолын шамға күйдіріп отырғанын байқадым, - дейді. Бұл Осман елінің шәйхулисламының қызы болатын. Шәйхулислам екі әскер жіберіп әлгі жас жігітті алдына шақыртады:

- Кеше түнде менің қызым сіздің үйде болғаны рас па? - дейді. Жас бала:

- Иә тақсыр, рас, - дейді.

Шәйхулислам:

- Неге сабақ оқып отырып саусағыңды күйдіріп отырдың? - деп сұрайды.

Жігіт:

- Тақсыр, сабақ оқып отырғанымда шайтан уәсуәса (жаман ой) берді. Мен өз-өзіме егер шайтанға еретін болсаң ертең денеңнің бәрі отта жанады. Қазір бір ғана саусағыңның күйгеніне шыдай алмай отырсың, бүкіл денең жанса қалай шыдамақсың деп таңға дейін жаман ой келгенде саусағымды қаттырақ күйдіріп отырдым, қызыңыздың жүзіне де қарамадым, - дейді.

Қызына намаз оқитын және күнә істемейтін салих (жақсы) күйеу бала іздеп жүрген шәйхулислам күйеу баласы болуын, той шығындарын өзі көтеретінін айтады. Жас

жігіт шәйхулисламның қызымен бақытты жанұя құрады. Кейінректе жетіліп ғалым болған бұл жігіттің жазған өте құнды фиқһ кітабы осы оқиғаға байланысты (Дамад Эфенди) "күйеу бала" деген атпен де танымал болды. 

Бимурзаев Н, «бақыттың кілті - жанұя».

 

 

0 пікір