Құранды қалай арапшасынан тез оқып үйренуге болады?
Құранды қалай арапшасынан тез оқып үйренуге болады?
10 ай бұрын 11053

Өз тәжірибемнен бөлісер болсам, Құранға тез түсу үшін:

1) Ұстаз керек. Ол үшін мешіттегі Құран курсына жазылу керек немесе үйіңізде Құран оқи алатын жақыныңыз болса, сол ұстаздық қылсын.

2) Әріп танығаннан кейін, ең бірінші өзіңіз білетін бұрын кириллицадан жаттаған сүрелеріңізді арапшасынан оқып бастаңыз. Таныс сүрені оқу сізге жеңілдік тудырады. Қажет болса бір сүрені арапшасынан жүз қайтара оқыңыз.

2) Құранға түсудің тез жолы – сүре жаттау. Қысқа сүрелерді арапшасынан жаттап бастаңыз. Бір аятты зырылдатып оқығанша жүз қайтара, тіпті қажет болса екі жүз қайтара оқыңыз. Көп оқуыңыз – тіліңіздің сынуына септігін тигізеді. Басында қиын болады, кейін оңай болады.

4) Құран оқып үйренуде үш ағзаны дағдыландыру өте маңызды. Олар - көз, құлақ және тіл. Көзді үйрету үшін Құранның арапшасынан қарап оқыңыз. Құлақты үйрету үшін дауыстап оқыңыз. Тілді үйрету үшін, басқаша айтқанда тіл сындыру үшін арапшасынан жиі әрі көп оқыңыз. Құран үйренуде ұстанатын қағидаңыз: "тамшы тама-тама тас теседі" деген мақал болсын.

5) Жаттаған сүрелеріңізді оқып, тапсырып тұратын және қате жерін түзеп тұратын ұстаздың болғаны жөн.

Құран - қазына, береке және жанға дауа. Құран - мол сауапқа кенелудің бірегей жолы. Оны оқу үлкен сауапты іс! Ендеше, қапы қалмаңыздар!


Абдусамат Қасымның telegram каналынан

0 пікір