Тілегі орындалу үшін қандай сүре оқыса болады?
Тілегі орындалу үшін қандай сүре оқыса болады?
3 жыл бұрын 15150

Қажет нәрсесіне қол жеткізіп, тілеген арманына жету үшін оқылатын сүренің бірі - «Ясин» сүресі. Аталмыш сүренің мұндай ерекшелігінің барын ескілікті ғалымдар айтқан. Олардың айтуына қарағанда «Ясин» сүресін аталмыш мақсатта оқыса, қажеті өтеліп, тілегені Алланың қалауымен орындалады. Бұндай пайым негізсіз де емес. Бір мүрсәл хадисте: «Кім Ясин сүресін күннің жарымында оқыса, оның қажет еткен нәрсесі өтеледі» делінген.[1]

Ендеше, қажет еткен нәрсесіне қол жеткізіп, аңсаған арманының орындалуы үшін Құранның жүрегі саналатын бұл қисиетті сүрені қалай оқыған жөн?

  • 1) Толықтай дәретті болу.
  • 2) Құбылаға қарап отыру.
  • 3) Әғузу-бисмилләмен бастау.
  • 4) «Ясин» сүресінің әр «мубин» деген жерінен соң алақанын жайып, тілеген нәрсесін айтып Алладан сұрайды. Осылай "мүбин" деп аяқталған әр аяттан кейін тілегін тіледі. (Сүренің жеті жерінде аят "мубин" сөзімен аяқталған).
  • 5) Ясин сүресінің берекеті себепті Алла Тағала тілегін орындайды деп сену.

«Ясин» сүресінің басқа да пайдалары баршылық. Мысалы, ол сүрені оқыған кісінің күнәсі кешіріледі, жеті рет оқыған кісінің ризығы артады, бойдақ болса үйленеді т.б. сол сияқты Ясин сүресінің он берекеті бар. Ол жайында:  "«Ясин» сүресінің он берекеті" деген тақырыпты оқысаңыз болады.


[1] Дәрими, сүнән.

0 пікір