Жас келінге өсиет
Жас келінге өсиет
5 жыл бұрын 4277 asylsoz.kz/
Қожаберген жырау

Отбасының ұйытқысы,
Қайын атаң мен қайын енең.
Сыйлап жүрсең оларды,
Кем болмайсың ешкімнен.
Қайын енеңді күт келін,
Бағады ол балаңды.
Енеңнің күші өлшеусіз,
Демеушің ғой табанды.
Қайраты кетсе бойынан,
Түртпектей берме панаңды.
Мендетеді кәрілік,
Қайтсе-дағы адамды.
Тату бол кайын анаңмен,
Ойлан, қара санаңмен.
Жасы ұлғайған кіріңді,
Сыйла барлық балаңмен.
Қайын атаң мен енеңді,
Болма келін сөгетін.
Еңкейіп кетті демесе,
Жәрдемі бар беретін.
Шақырма ашу қарттарға,
Өзің де сондай боласың.
Ойла келін артыңды,
Сөз ұғатын баласың,
Сіздерге бұл өсиет,
Қожаберген бабаңнан.
Өнеге алма тірлікте,
Шайпау менен наданнан. 

0 пікір