Құшақтасудың пайдасы
Құшақтасудың пайдасы
17 күн бұрын 7545

Құшақтасу қарапайым іс-қимыл болып көрінгенімен, құшақтау бізді басқа адамдармен жақын байланыс орнатады.

Құшақтасу бізді жұбатады және сезімдерімізді білдіруге көмектеседі. Құшақтасудың денсаулығымызға тигізетін пайдасы да көп. Сондықтан, жақындарыңызды жиі құшақтап жүріңіздер.

Жарамды және біраз ем болатындай етіп құшақтаңыз. Шынайы түрде, сабырмен ұзақ құшақтаңыз. Өзіміздің жақын тұтар адамымызбен құшақтасу - бұл әлемдегі ең жақсы нәрселердің бірі.

Құшақтасу арқылы біздегі гемоглобин деңгейіміз айтарлықтай ынталандырылады, сондықтан да қан арқылы оттегі өмірлік маңызды мүшелерге жеткізіледі. Біздің денеміз бір сәтте жасарады.

Құшақтасудың келесідегідей пайдаларын атап өтуге болады

1) Төмен қан қысымы

Қан қысымы мен жүрек соғу жылдамдығы баяулайды, дене тынышталып, жүректің проблемалары төмендейді.

2) Құшақтау баланың дамуын жақсартады

3) Стресті азайтады

Бірнеше секунд шын жүрекпен құшақтау стресстен арылуға көмектеседі. Кейде құшақтаудан жақсы ем жоқ. Құшақтау жақындарымызға, серіктесімізге, досымызға, тіпті үй жануарларына да өте пайдалы болуы мүмкін.

Сондықтан да, жағымды, мейрімді адамдармен қарым-қатынаста болыңыз. Өйткені, бұл сізге мазасыздықты басқаруға көмектеседі және жұмыс немесе қаржылай проблемаларды бір сәт ұмыттырады.

4) Иммундық жүйені нығайтады

Құшақтасудың тағы бір артықшылығы - денедегі иммундық жүйе күшейе түседі, аурудың ықтималдығы төмендейді, ал иммундық жүйесі әлсіз болған денеге түрлі бактериялар мен вирустар жұққыш.

Жыл мезгілі ауысқанда, ауа температуралары өзгерген кездерде өзіңізді күшті сезіну үшін көбірек құшақтасқан жөн.

5) Ұйқысыздықты жою

Егер ұйқымыз келмей, көз ілу мұң болып жатса, біреуді құшақтау - онымыз жақсы шешім болуы мүмкін. Ондай кезде құшақтасу - ұйықтататын дәрілерден де әсері жақсы, тым болмағанда денсаулыққа пайдалы екендігі сөзсіз.

Құшақтасу арқылы біздің санамыз тазарады. Бізді мазалап жүрген мәселелерді көп ойламай, проблемарды бірпәс ұмытуға септігін тигізеді.

Сондықтан да, егер ұйықтай алмай қиналсаңыз және ол сіздің денсаулығыңызға зиян тигізіп жатқса, біреуді құшақтаңыз. Егер сіз жалғыз тұратын болсаңыз, құшақтайтын ешкім болмаса, жастықтықты немесе үй жануарын құшақтаңыз.

6) Депрессияның алдын алыңыз

Құшақтасу стресс пен ұйқысыздықты жоюымен бірге, ол күшті антидепрессант болып табылады. Егер сіз қайғыға батып, қиналып немесе күндеріңіздің мағынасыз өтіп жатқандығын сезінер болсаңыз, сізге жақын адаммен құшақтасудың дозасын көбейткеннен артық нәрсе жоқ.

7) Өзімізге деген сенімділігімізді арттырады

Біз біреуді құшақтап алсақ, біз оны жақсы қарсы алған боламыз, қолдаған боламыз әрі өзіміз де қолдау көрген боламыз. Соның нәтижесінде, көшеде қауіптенбей жүре аламыз, емтихандарда жақсы бағалар аламыз және көптеген адамдардың алдында жақсы жағынан көрінеміз.

Егер сіз күйзеліске түсіп, сенімсіздікті тудырар көптеген жағдайларды бастан кешірсеңіз, Сізге құшақтасу - бойыңыздағы үрейді сейілтуге пайдалы болуы мүмкін.

8) Құшақтасу біздің мазасыздығымызды және жаман мінезімізді жояды

Егер сіз күндердің бірінде жайсыз оянып, сол аяғыңызбен тұрған болсаңыз, іштегі жаман көңіл-күй мен мазасыздықты жою үшін, құшақтаңыз. Әрідесе, кейде ашуланшақтық пайда болған кезде де, құшақтасу көп көмектеседі.

9) Құшақтасу іштегі жиналған шиеліністерді тарқатып, бүкіл ағзаның босаңсуына көмектеседі.

10) Құшақтасу арқылы сезімімізді білдіреміз

Біз әрқашан құшақтай бермейміз. Құшақтау сол күнгі әлдебір жағдайдан туындауы мүмкін. Қалай болғанда да, құшақтау біздегі үнсіз сезімді түсіндірер бірден бір құрал.

Құшақтау арқылы біз мына хабарламаларды жолдаған боламыз:

  • Маған сенім арт.
  • Мен саған қамқор боламын.
  • Сіз мен үшін маңыздысыз.
  • Мен сізге көмектесемін және сізді қорғаймын.
  • Мен сені түсінемін, сені сүйемін, сен маған керексің. 

Құшақтау - басқа адамдармен қарым-қатынас құрудағы ең тиімді тәсіл.

Дереккөз: bezzia.com/
Қазақша редакциясын жасаған: islam.kz

 

0 пікір