Алланың қиыншылық жіберуінің 5 себебі
Алланың қиыншылық жіберуінің 5 себебі
6 жыл бұрын 13260 islam-today.ru
Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Өмірде бізге кездесетін қиындықтар бізді сындырады немесе біздің оларға қалай қарайтынымызға байланысты бізді күшейте түседі. Өкінішке қарай, адамдардың көпшілігі Алланың сол қиындықтар арқылы олар үшін жаңа есік ашқанын әрі адамдар үшін игіліктерді жасыратынын түсінбейді. Біз өзімізге сол қиыншылықтың қандай пайда әкелетінін ойлаудың орнына "Бұл мәселе менің өмірде неге орын алды?" деп жанымызды жегідей жейміз. Ұлы Жаратушының біздің өмірімізге қиындықтар мен мәселелерді жіберуінің бес себебі бар:

1. Мәселелер бізді бағыттайды. Мүмкін, мәселе сізді әрекет етуге және жаңа көкжиектерге алып келуге мәжбүр ететін тетік. Мәселелер біздің өміріміздегі жиі өзгерістер туралы есеп беру және белгілі бір әрекеттерге ынталандыру болып табылады. Кейде біздің өмірімізді жақсарту үшін кейбір мәселені шешудің қажеті де жоқ.

2. Алла қиындықтар арқылы адамдарды сынайды, тексереді. Адамдар шай пакеттеріне ұқсайды деген ұғым бар, яғни, егер сіз олардың ішіндегі нәрсені білгіңіз келсе, оларды қайнаған суға батырыңыз. Шынайы сенім қиындықтарда айқындалады. Кез келген сынақ біздің сенімімізге сынақ болады, біз Жаратушының бізге жіберген нәрселеріне қанағат етіп, алғыс білдіреміз бе? Егер сізде қиындықтар болса, есіңізде болсын, бұл иманыңыздың сынақтары, сонда сіз Алланың сыйына ие боласыз, сол себепті шыдамдылық танытуыңыз керек.

3. Мәселелердің көмегімен Алла сізді жақсартады. Біз сәтсіздіктер мен қиындықтардан кейін ғана өзімізге сабақ аламыз. Ата-аналар балаға ыстық табаққа қол тигізуге тыйым салады, алайда  бұл сабақты бала өзін күйдіргеннен кейін ғана біледі. Кейде көптеген нәрселердің бағасын, денсаулығымыз бен қарым-қатынастарымызды және өзге де нәрселерді жоғалтып алғаннан соң ғана түсінеміз.

4. Алла адамдарды қорғайды. Қиындықтар кейде бізді одан да үлкен сынақтан қорғайтын себепші бола алады. Адам баласы алдында тұрған жайтты біле алмайды, тек Алланың  білімі кең. Адам үшін кейбір қиындықтар шынымен құтқарылу мен басқалардан қорғануға айналуы мүмкін. 

5. Алла адамдарды кемелдендіреді. Қашан біз қиындықтармен күресіп, оларды лайықты түрде қабылдаған кезде біздің мінез-құлқымыз шыңдалады. Біз рухани тұрғыдан жақсарып жатырмыз. Алла өзінің әрбір құлының кемелді болуын қалайды. Бұл мәселелер шынайы мүміндерді ең жақсы игіліктерге- шыдамдылыққа, ізгі қасиеттерін қалыптастыруға әрі Аллаға деген иманды нығайтуға көмектеседі.

0 пікір