ЕКІ НӘРСЕНІҢ ҚАДІРІН БІЛМЕЙДІ ЕКЕНБІЗ...
ЕКІ НӘРСЕНІҢ ҚАДІРІН БІЛМЕЙДІ ЕКЕНБІЗ...
3 жыл бұрын 5285
"Адам екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт пен денсаулық". Хадис шәриф. 

Өзіңді ірі бір банкқа үлкен ақша салған бай адаммын деп ойла. Күн сайын сенің есеп шотыңа 86400 доллар ақша түсетінін де ескер. Алайда, сен бұл ақшаны күн сайын жұмсап отыруға мәжбүрсің, ертеңге ол ақшаның со күйі күйіп кететінін біл. Не істер едің? Онда, әрине, күн сайын жүгіріп жүріп, жаның қалмай ол ақшаны бір тиынын да қалдырмай жұмсарың белгілі. 

Олай болса, бәріміз "Уақыт" атты банкаға тәуелді адамдармыз. Күн сайын бізге ертеңге қалдыруға келмейтін 86 400 секунд уақыт беріледі. Есебіміз күн сайын таң ертең басталып, кеш бата бітіп отырады. Бізге берілген уақыттың әр секундына дейін біз өз бақытымыз бен қуанышымыз үшін өз орнымен жұмсауға міндеттіміз. 

Бір жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрағайсың. 

Бір айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық нәрестесін өмірге әкелген анадан сұрағайсың. 

Бір аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұрағайсың. 

Бір сағаттың қадірін білгің келсе, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұрағайсың.

Бір минуттың қадірін білгің келсе, отарбасынан (пойызынан) қалып қойған жолаушыдан сұрағайсың. 

Бір секундтың қадірін білгің келсе, жол апатының алдын-алуға үлгермеген көлік жүргізушісінен сұрағайсың. 

Бір мини-секундтың қадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған жалаяқ жүгірушіден сұрағайсың. 

Ендеше, әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа! Ешкім де уақыт диірменін тоқтата алмайды. Өткен уақыт тарихқа айналды, болашақ ешкімге белгісіз жұмбақ, ендеше, қолыңа сый ретінде берілген дәл қазіргі сәтіңді өте тиімді пайдалан! 

"Аңсар" журналы, 2006 ж.

0 пікір