ҮШ НӘРСЕ ҚАТЕЛІКТЕРДІҢ НЕГІЗІ
ҮШ НӘРСЕ ҚАТЕЛІКТЕРДІҢ НЕГІЗІ
4 жыл бұрын 4375
Әбу Ләйс әс-Самарқанди

Даналардың кейбірі айтады: «Үш нәрсе - қателіктердің анасы. Олар: Көреалмаушылық, ашкөздік (яғни, тойымсыздық) және астамшылық.

قال بعض الحكماء: أمهات الخطايا ثلاثة اشياء: الحسد , والحرص , والكبر

Астамшылықтың негізі – Ібілістен туындаған. Алла Тағала оған Адамға сәжде етуін бұйырған кезде, тәкәппарланып сәжде етуден бас тартты, соның нәтижесінде қарғысқа ұшырады.

أما الكبر فكان أصله من ابليس حين تكبر وابي ان يسجد فلعن.

Тойымсыздықтың негізі - Адам атаға барып тіреледі. Оған «Пейіштегі барлық нәрсе сен үшін рұқсат, тек мына ағашқа тиіспе» делінсе де тойымсыздықтың жетегінде кетіп, тыйым салынған ағаштың жемісінен жеп, пейіштен шығарылды. (Кейін қателігін түсініп, Аллаға тәубе етеді. Алла тәубесін қабыл етеді).

وأما الحرص فكان أصله من آدم عليه السلام حيث قيل له: الجنة كلها مباح لك إلا هذه الشجرة! فحمله الحرص على اكلها حتى سقط منها!

Көреалмаушылықтың негізі – Адам атаның баласы Қабылдан бастау алады. Ол інісі Һәбілдің (Әбіл) жетістігін қызғанып, жанына қастандық жасады. Сол ісі үшін кәпір болып, тозақтан орын алды»[1]. 

  ,  *والحسد اصله من قابيل بن آدم حين قتل أخاه هابيل, فصار كافرا ومأواه النار أبداً.


[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: Тәнбиһуль ғафилун. 163 бет.

 Абдусамат Қасым
0 пікір