Башқұртсан елінің діни көсемі - Түркістандық Хұсейнбек Омарбекұлы (фото)
Башқұртсан елінің діни көсемі - Түркістандық Хұсейнбек Омарбекұлы (фото)
3 жыл бұрын 6534

Башқұрттар жерінде дінді уағыздау үшін Хұсейнбекті XIV (14) ғасырда ұстазы Ахмет Ясауи жіберген деседі. Ал, мазаратын көтерген - Ақсақ Темір екен.


Аңыз бойынша, XIV ғ. Башқұрт ханы Борак түркістандық әулие Қожа Ахмет Яссауиге башқұрттар арасында исламды тарататын шәкіртін жіберуді өтініп жүгініпті. Тәлімгердің таңдауы Хұсейнбекке түскен деседі.

Бұл тарихи тұлғаның өмірбаяны туралы нақты әрі толық ақпараттар, өкінішке орай, сақталмаған. Ол турасында тек аңыздар мен болжамдарға сүйене отырып бағалауға болады. Хұсейнбек XIV ғасырдың басында Түркістан қаласында туған болуы мүмкін. Бозбала шағында Түркістан қаласындағы медреселердің бірін тәмәмдап, ХІІ ғасырда өмір сүрген Қожа Ахметтің рухани ізбасарларының біріне шәкірт болады. 

1341 жылы Башқұртсанға қоныс аударып, ханның ордасында қоныстанған Ол - башқұрттар арасында діни уағыз-насихаттар жүргізіп, көптеген адамдарды соңынан ілестіре білді. Хұсейнбек башқұрт жеріндегі жергілікті ру-тайпалары арасында Ислам негіздері мен Яссауилік тариқатының (сопылық жол) тәлімдерін сәтті тарата білді. Сондықтан да, Оны - Башқұртсан елінің алғашқы діни көсемі деп атауға әбден болады.

Біраз уақыт өткеннен соң, Хұсейнбек қажылық парызын өтемекке қасиетті мекенге аттанады. Қажылық сапарынан аман-есен оралғаннан кейін жұрт оны "Хұсейнбек қажы " деп атай бастайды. 

Хұсейнбек қажы башқұрт халқына Ислам дінін үйретумен бірге, қазылық (сот) қызметін де қатар атқарған кісі. Хұсейнбек қажы Омарбек ұлы 1366 жылы, 76 жасында қайтыс болады. Денесі "Дема" өзенінің үстіңгі жағындағы қырда жерленген. (Қазір бұл жер Башқұртстанның Чишмин ауданы, Чишми ауылының маңы). Қайтыс болғаннан кейін, жұрт оны "әулие" деп атап, мазары зиярат ету орнына айналады. 

Мавзолей Хусейн-бека в Чишмах
Хұсейнбектің кесенесі / Фото: Павел Распопов/uraloved.ru

Аңыздарға қарағанда, 1393-1394 жылдары осы аймаққа өзінің ескі жауы Тоқтамыс ханның ізіне түскен Ақсақ Темір ат басын тіреген екен. Мұнда ол бір қыс қалуды ұйғарады. Осы орайда, Ақсақ Темірдің рухани тәлімгері - аңыз бойынша, Яссауи тариқатының өкілі Мир Саид Барака болғандығын айта кету керек. Ол ат басын тіреген аймақта өзінің жерлесі әрі Қожа Ахмет Яссауидің шәкірттерінің бірі Хұсейнбектің денесі жатқанын естігеннен кейін, Ақсақ Темір Оның басына қорған тұрғызуды бұйрады. Және қабірінің басына мынадай жазуы бар құлпытас орнатқан екен:   

"Қазылығында әділдікті ту еткен Омарбектің ұлы Хұсейн-бек... Түркістаннан болған, оны Құдайым өзіңнің шексіз мейіріміңе бөлегін, оны өзіңнің сүйген құлдарыңнан еткейсін! Жеті жүз қырқыншы жылы, қасиетті төртінші айдың тоғызыншы күні дүниеден өткен". 

Сол жылдары Ақсақ Темірдің әскерлері үшін бұл жерде қыстап шығу оңайға соқпады. Сарбаздары суықтан көп зардап шекті, сонымен қатар әскерлер арасында індет жайылады. Көптеген әскерлері қаза табады, оның ішінде алты әскербасшылары да бар тұғын. Олардың (алтауының) мәйіті Хұсейнбектің мазарының жанында жерленеді. Бұл қорымдар "Ақзират" мазаратының бастамасы болып, ондағы құлпытастар әлі күнге дейін сақталған.   

Старые могилы на священном кладбище в Чишмах
Арабша жазулары бар алты көне құлпытастар. Осы жерде Ақсақ Темірдің алты қолбасшысы жерленген деп есептелінеді.
Дереккөз: Павел Распопов/uraloved.ru

Хұсейінбектің мазары ұзақ жылдар бойы башқұрттар арасында қасиетті орын ретінде құрметке ие болып келді, бірақ 18-19 ғасырларда қараусыз қалып, ақыры қирандыға айналады.

Мавзолей Хусейн-бека. Фото С.М. Прокудина-Горского
Кесененің қиранды күйі. (Фотография С.М. Прокудина-Горского, сделанная в 1910 г. Дереккөз: С.М. Прокудин-Горский)

1911 жылы Уфа мүфтиі М.Сұлтановтың бастамасымен кесене қайта салынады. Бірақ, бұл жолы кесененің бастапқы түрі өзгеріп, ескі кесенеден тек іргетасы ғана сақталады.

ХХ ғасырдың басында билікке келген большевиктер атеизмді насихаттай отырып, әулие туралы естеліктерді халық жадынан өшіруге барынша тырысып бақты. Соның нәтижесінде, кесене қараусыз қалып, іші-сырты қоқысқа толды. 

Кеңес өкіметінің тарихиндағы қайта құру кезеңінің басталуымен, кесенеге тағы бір нәубет келді. 1985 жылы Г.Н.Гарустович басқарған археологиялық экспедиция кесене ішінде қазба жұмыстарын жүргізіп, мазар ішінен тоғыз қорым табылады, оның үшеуі ересектерге, ал алтауы балалардікі екендігі анықталады. Барлығы Меккеге қаратып жерленген. Марқұмдардың қалдықтары Ресей ғылым академиясының Уфа ғылыми орталығының Тарих, тіл және әдебиет институтына жеткізіледі. Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде жерленгендердің бірі имам Қажы Хұсейінбек екендігі, әрі Оның шынымен де Орталық Азиядан шыққандығы белгілі болады. Осылайша аңыздар шындыққа айналған болды. Ғалымдар оның және сол жерленгендердің бет-бейнесін де жасай алды. Алайда, институт әкімшілігі мархұмдардың қалдықтарын қайта жер қойнауына тапсыруға асықпады, осылайша 30 жылдан астам уақыт бойы мархұмдардың сүйектері институтта қалып қойды.

Реконструкция облика Хусейн-бека
Дереккөз: Павел Распопов/uraloved.ru

Әрине, мұсылмандар үшін бұл - әулие кісінің сүйегін қорлаумен парапар болды. Мархұмның сүйегін қайта жер қойнауына тапсыру үшін, ғылыми институттағы ғалымдарға алғашында қоғамдық ұйымдар, одан соң Чишмин ауданының әкімшілігі және Ресей мұсылмандары діни басқармасы өтініш түсірді. Осындай күш-жігердің арқасында, ақыры мархұмдардың сүйектері мұсылмандарға тапсырылып, 2016 жылдың шілде айында оларды қайта жерлеу рәсімі өтті. 

2004 жылдан бастап, Жоғарғы мүфтидің шешімімен, Басшқұртсан Республикасы Үкіметінің қолдауымен, Чишмин ауданында, дәлірек айтқанда, Хусейн-бек кесенесі орналасқан Чишми ауылында, жыл сайын Башқұртстан мұсылмандарының құрылтайы өткізіліп жатады. 

Могильные камни в мавзолее Хусейн-бека
Источник: Павел Распопов/uraloved.ru,

Фото: nashural.ru/

Бүгінде, қазақ даласынан шыққан дін ғұламасы Қажы Хұсейінбектің кесенесі қоршалып, түрлі қоқыстардан тазартылып, терезе ойықтарына оюлы торлар қойылған. Бұл жерге елдегі мектеп оқушылары, студенттер және әр түрлі лауазымды қонақтар Бүкілресейлік және әлемдік іс-шаралар кезінде келіп зиярат жасап тұрады. Мархұмның жатқан жері жәннәт болсын! Құдай алдынан жарылқасын! Әумин.

Материал islamosfera.ru порталынан алынды.
Қазақ тіліне аударып, дайындаған: islam.kz  

0 пікір