Пайғамбарымыздың адамдарға деген жақсы қарым-қатынасы
Пайғамбарымыздың адамдарға деген жақсы қарым-қатынасы
4 жыл бұрын 4362

Пайғамбарлық келгенге дейінгі кезеңдерде Мұхаммед ғалейһиссәләммен қарым-қатынастары бар адамдар Оның шыншылдығына тәнті болғандықтарынан Оны «әл-Әмин», яғни, «Сенімді» деп атайтын еді. Пайғамбар болғаннан кейін де Құрайыш халқы Расулалланы (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) ата жаулары ретінде білсе де, сақтаулы тиіс аманаттарын оған қалдыратын.

Бір күні бір бәдәуи араб Пайғамбардан (с.а.у.) алашағын алуға келеді. Бәдәуи дөрекіллікке салынып, Пайғамбарға тым ауыр сөздер айтады. Сонда сахабалар оның дөрекілігіне ашуланып: «Сен кімге не айтып тұрғаның ді білемісің?» - деп ескерту жасайды. Бәдәуи: «Мен одан өз ақымды алуға келдім», - дейді. Пайғамбарымыз араға кіріп: «Сендер оны ұстап жібермей тұрсыңдар. Алайда ол адам ақысын сұрап келіп отыр ғой», - деп сахабаларына оны өз жайына қалдыруларын білдіреді. Кейін аманатын алуға келген бәдәуиге Пайғамбарымыз (с.а.у.) алашағын артығымен береді.

Күндердің бірінде Саиб деген бір араб саудагері Алла елшісіне таныстырылды. Алла елшісі қасындағыларға: «Мен оны сендерден де жақсы танимын», - деді. Саиб та Алла елшісінің сөзін растап:

«Ия, саудада жүргенде жолдас болған едік. Есептерінің бәрі керемет болатын», - деген еді[1].

Әзіреті Жәбір ибн Абдулла сапарлардың бірінде Расулалламен бірге болған еді. Жәбірдің (радиаллаһу анһ) түйесі шаршап, одан әрі қарай жүруге жарамсыз болып қалады. Пайғамбарымыз (с.а.у) сол түйені Әзіреті Жәбірден сатып алып, ақшасын береді де:

«Түйе де, ақша да сенікі»[2], - деп сол мезетте түйені де қайтып өзіне силап жібереді.

Тағы бірде Алла елшісі (с.а.у.) біреудің түйесін алып, орнына одан да керемет бір түйе береді де:

«Қарыздарын жақсы әрі көркем түрде өтеген адамдар – мәртебелі кісілер», - деп өсиет айтады[3].

Тағы бір жолы бір керуен Мәдинаның сыртында аялдап, түнеген еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол керуеннің қасынан өтіп бара жатып, бір қызыл түйені көзі шалып қалады. Барып иесінен бағасын сұрайды да, еш саудаласпай түйені қарызға сатып алып кетеді. Біраз уақыттан кейін керуендегі кісілер алаңдай бастайды және түйені ақшасын алмай тұрып беріп жібергендіре өкініштірені білдіре бастайды. Сонда араларындағы бір әйел:

«Қапа болмаңдар! Бұл маңайда ол сияқты жүзінде нұры бар ешкімді көрмедік. Ондай адам өтірік айтып, бізді алдап кетпейді», - деп, абыржып тұрған керуеншілерге басу айтады.

Кешкісін Алла елшісі керундегілерге түйенің ақшасын және онымен қоса ішер сулары мен тамақтарын да беріп жіберген еді[4].

Хұнайын соғысы кезінде Пайғамбарымыз мұсылман әскерлеріне қарызға сауыт алу үшін ол кезде әлі мұсылман болмаған Сафуанға келіп өтініш жасайды. Сафуан:

«Өз мүлкімді өзімнен алып, мені тонағың келе ме? – дегенде, Алла елшісі оған:

«Жоқ, бұларды бізге қарызға беруіңді сұраймын. Жоғалғандарын созбай, тез арада өтейміз», - деп айтқан еді. Одан кейін Сафуан мұсылмандарға қырық шақты сауытты қарызға берді. Соғыстан қайтқанда алынған сауыттарды санайды. Санап қараса, бірнешеуінің жоғалғандығы анықталады. Алла елшісі Сафуанға жоғалған сауыттардың орнына ақша ұсынады. Мұндайды күтпеген Сафуан:

«Уа, Расулаллаһ! Менің жүрегім енді басқаша соғуда», - тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болған еді[5].

Пайғамбарымыз ешқашан тікелей өзіне жасалған қастандық үшін кек алмайтын. Ол (с.а.у.) - көпшіліктің ішіндегі ең аз ашуланатыны, ең көп ризалық танытатыны және ең нәзік жүректісі еді.

Мәжіліске (жиналыс) келген адамдардың дөрекі әрі ашуға тиер сөздеріне ашуланбай, қайта кешіріммен қарайтын еді. Өзімен бірге отырған немесе алдына келіп мұңын жаққандардың сөзін тегіс тыңдап, соңына дейін сабырлықпен отыратын. Егер біреу бір нәрсе сұраса, сұрағанын береті. Бере алмаған жағдайда, уәдесін беретін. Сахабаларына әкелік мейіріммен қарап, әкелік мәміле жасайтын еді.

Аллуһумма салли уә сәллим уә бәрик аля Мұхаммед!

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) және Оның күнделікті іс-әрекеттері» атты кітаптан.


[1] Әбу Дәуіди: Сүнән. «Әдәб». 20 баб.
[2] Сахих Бұхари. «Буюъ». 34 баб.
[3] «Асры Саадат». ІІ, 71. (Имама Тирмизиден риуаят етілген).
[4] Имам Даруқутни: Сүнән. «Буюх». ІІ, 45. №186 хадис.
[5] Әбу Дәуід: Сүнән: «Буюъ». 90.

0 пікір