10 ерекшелік пендені жақсылардың қатарына қосып, деңгейін көтереді
10 ерекшелік пендені жақсылардың қатарына қосып, деңгейін көтереді
2 жыл бұрын 4284

Әбу Ләйс әс-Сәмарқанди өзінің «Ғапылдарға ескерту» атты еңбегінде он ерекшелік жайында айтады. Осы он ерекшелік адамды жақсылардың қатарына қосып, деңгейін көтереді екен. Ғалым (Алла рахымына бөлесін) былай дейді:

«Мына он ерекшелік пендені жақсылардың мәртебесіне көтеріп, дәрежелі қылады делінеді:

1) Көп садақа беру.

2) Көп Құран оқу.

3) Ақыретін еске түсіріп, дүниеқоңыздықтан алыстататындармен бірге отыру.

4) Туыстық байланысқа берік болу.

5) Науқастың көңілін сұрап бару.

6) Оны ақырет істерінен алдандырып қоятын байлармен аз араласу.

7) Ертеңгі күнгі жағдайын (ақыреттегі жағдайын) жиі ойлау.

8) Өмірдің қысқалығын білу, өлімді жиі еске алу.

9) Аз сөйлеп, көп үндемеу.

10) Қарапайымдылық, арзан киім кию, кедейлерді жақсы көріп, олармен аралас-құралас болу, жетімдер мен міскіндерге жақын болу, олардың басын сипау»[1].


[1] Әбу Ләйс әс-Самарқанди: «Тәнбиһуль Ғофилин». 237 бет.

0 пікір