Атақты математик Хорезмидің керемет тәмсілі
Атақты математик Хорезмидің керемет тәмсілі
4 жыл бұрын 7747

Ертеде өмір сүрген əйгілі математик Хорезмиден адам жайында сұраған екен. Сонда Хорезми адамды былай деп талдап беріпті:

- Егер адам əдепті болса, оны - 1 деп алалық.  

Егер сымбатты болса, бірге нөлді қос - 10 болмақ.

Ал дəулетті болса, тағы бір нөл қос - 100 (жүз) саны шығады.

Текті əрі даңқты адам болса, тағы бір нөл қос - 1000 (мың).

Ендігі жерде, осы сандардың ішінен 1 (бір) саны жойылар болса, яғни əдеп, онда адамның құны жоғалып, тек нөлдер ғана қалады" деген екен ғалым.

islam.kz 

0 пікір