"Ауру не екенін, дәрі не екенін және шипа (сауығу) не екенін білесіңдер ме?"
"Ауру не екенін, дәрі не екенін және шипа (сауығу) не екенін білесіңдер ме?"
3 жыл бұрын 3817 kalemtayeb.com


عن الربيع بن خثيم أنه قال لأصحابه

Абыз сахаба Абдулла ибн Мәсъудтың шәкірті, табиғин Рабиъ ибн Хусәйм бір күні өзінің жолдастарына:   

تدرون ما الداء والدواء والشفاء؟

- Ауру не екенін, дәрі не екенін және шипа (сауығу) не екенін білесіңдер ме? - деп сұрайды. 

Жолдастары: 

قالوا لا،

 

- Жоқ, - деп жауап береді.

Сонда табиғин: 

قال الداء الذنوب، والدواء الاستغفار، والشفاء أن تتوب ثم لا تعود.

"Ауру, ол - күнә. Оның дәрісі - истиғфар айту (Алладан кешірім тілеу). Шипасы болса (яғни, толықтай сауығуы болса) - тәубе еткеннен кейін, ол күнәні қайталамауы, - деп түсіндіріпті.  

0 пікір