Бір ғалымнан сұрапты: "Мұсылмандарды осынша қадірсіз еткен не нәрсе?" деп...
Бір ғалымнан сұрапты: "Мұсылмандарды осынша қадірсіз еткен не нәрсе?" деп...
2 жыл бұрын 8596

Бір ғалымнан сұрапты: «Мұсылмандарды осынша қадірсіз етіп, қорлық пен дұшпанға таба еткен не нәрсе?» - деп сұрапты. Ғалым:

- Мұсылмандар сегіз нәрсені үш нәрседен артық көре бастағаннан бастап, қорлық қамытына дұшар болды, - депті.

- Ол қандай сегіз нәрсе? Және қандай үш нәрсе? – деп сұрапты.

Сонда ғалым былай деген екен:

«Ол нәрселер Алла Тағаланың мына сөзінде баяндалған:

«Айт: Егер

  1. Әкелерің,
  2. Балаларың,
  3. Бауырларың,
  4. Жұбайларың,
  5. Руларың,
  6. Тапқан дүниелерің,
  7. Тұрып қалуынан қорыққан саудаларың,
  8. Жақсы көрген баспаналарың –

Cендер үшін:

  1. Алладан,
  2. Оның пайғамбарынан
  3. Және Алла жолында күресуден сүйкімдірек болса,

Алланың әмірі келгенге дейін тоса тұрыңдар. Алла Тағала пасық қауымды тура жолға бастамайды!». Құран Кәрім, «Тәубе» сүресі, 24 аят.

islam.kz

0 пікір