Ей хақ жолының жолаушы!
Ей хақ жолының жолаушы!
4 жыл бұрын 4359

Ей хақ жолының жолаушысы! Шындықты білгің келсе, Мұса да, Перғауын да өлген жоқ. Қазіргі таңда ол екеуі сенің ішінде өмір кешуде. Сенің болмысыңда жасырынған. Ол екеуі сенің ішкі жан-дүниеңде күрестерін жалғастыруда. Сондықтан да, бір-біріне дұшпан болған ол екі адамды өзіңде іздеуің керек».

****

Пұтты талқандау оңай. Өте оңай. Бір балтамен тас-талқанын шығаруға болады. Бірақ, нәпсі пұтын бұзуды жеңіл деп санау, білместік, надандық. (Өйткені, о айла-тәсілді түлкі іспетті, өзін жасырады. Талқандауың керек болған нәпсі пұтын көре алмай қалуың мүмкін).  

****

«Ей бауырым! Сен Алланың әмірі мен ардақты Пайғамбарымыздың сүннетіне ергін. Әбу Жәһілден және нәпсани қалаулардан құтылғын...».

****

«Тәніңді шектен тыс асырап (сылап-сипап), тым қатты жетілдіруді ойлама. Өйткені, ол - ақыр-соңында топыраққа берілетін құрбандық. Сен негізгі ішкі-жан дүниеңді асырауға мән бер. Өйткені ұлықтыққа баратын, әрі қадірлікке, қошаметке қол жеткізетін сол.

Денеңе майлы-балды нәрселерді аз бер. Өйткені денені қажеттен тыс асыраған адам нәпсәни қалауларға еріп, соңында масқарасы шығады.

Рухқа мағнауы (рухани) азық бергін. Оған кемел пікір, нәзік түсінік және рухани азықтар ұсынғын. Осылайша баратын жеріне күшті, қуатты болып барсын.

Ей, бауыр! Денең ет пен сүйектен тұрады. Хайуандарда да солай. Алайда сен тәфәккур (пікірлеу) арқылы өмірді табуың керек. Егер, пікірің гүл болса, сен гүл бақшасындасың (яғни, дүние пейішіндесің). Пікірің тікен болса, ошақ томарысың».   

****

Сондай бір дәрет алғын, еш бұзылмайтын болсын. Сондай намаз оқығын, еш бітпейтін болсын. (Аллаға) ғашық адамға бес уақыт намаз жетпейді. Ол бес жүз мың уақыт сұрайды. Шынайы ғашық адам (ғашығымен) кездесудің (вуслат) аяқталуын қалайтын ба еді?!

****

Ақылым жүрегімнен: «Дін деген не?» - деп сұрады. Жүрегім ақылымның құлағына иіліп: «Дін – әдептен тұрады» деді».

Мәуләнә Ж. Румидің даналық сөздерінен 

Түрікшеден аударған: А. Қасым 

0 пікір