Фузайл Аяздың бес өсиеті
Фузайл Аяздың бес өсиеті
2 жыл бұрын 2641

Хижри екінші ғасырда өмір кешкен, хадисші ғалым, әрі сопылық жолындағы әулие Фузайл ибн Аяздан бір кісі келіп:

- Уа, тақсыр! Маған өсиет айтыңызшы! - дейді. Сондай Фузайл (р.а.):

- Мына бес нәрсені жадында сақта:

  • Біріншісі - басыңа бір іс түссе: «Бұл Алланың жазмышы» деп айт, сонда адамдарды кінәлаудан аулақ боласың.
  • Екіншісі - жаман сөздерден тіліңді сақтап жүр, сонда адамдарға зияның тимейді, әрі өзің Алланың азабынан аман боласың.
  • Үшіншісі - Жаратушы Құдайдың ризиқ тұрғысында саған берген уәдесіне сен, сонда шынайы мүмін боласың (яғни, Құдай ырзықсыз қалдырмайды дегенге сен).
  • Төртіншісі - ақыреттік жағдайдан ғапыл болған күйі өліп кетпес үшін, өлімге алдын-ала дайындал.
  • Бесіншісі - қай жерде болсаң да Алланы көп еске алып жүр, сонда барлық жамандықтан қорғалған боласың» - деген екен.

Зікір дегеннен шығады. Алланы зікір етіп, еске алудың пайдасы жайында Имам Әбу Ләйс әс-Самарқанди былай деген:

«Біліп қой! Алланы еске алудың бес түрлі ұнамды ерекшелігі бар:

  • Алла риза болады.
  • Аллаға деген бойсұнушылығы артады.
  • Шайтанның жамандықтарына қорған болады.
  • Жүрегі жұмсарады.
  • Күнәдан сақтайды1

Сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.) «Нас» сүресіндегі «Хоннәстің азғыруының кесірінен сақта» деген аятқан қатысты: «Хоннәс деген, ол - жүректе ұйықтап жатқан шайтан. Қашан пенде Алланы еске алып, зікір айтса, ол алыстап қашады, ал қашан пенде Алланы еске алуды қойып, ұмытса, азғырады» - деген. 


1  Тәнбиһуль Ғофилин.

0 пікір